Вторник, Март 19, 2024
Басты > Кәсіподақ өмірі

Балалар қуанышқа бөленді

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты – балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Бүгін мерекеге орай кәсіподақ ұйымы Жұбанов университетінің қызметкерлері мен профессор-оқытушыларының балаларына ойын-сауыққа толы іс-шара ұйымдастырды. Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол

Көбірек

Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Салалық кәсіподақ жұмысы педагогтардың құқығын қорғау, еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Бұл ретте Жұбанов университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы үздік ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегін бағалап, ынталандыруды игі үрдіске айналдырды. Оқу жылының соңында кәсіби мамандығымен қоса, кәсіподақ жұмысына белсене араласып жүрген университеттің үш бірдей кәсіподақ көшбасшысы ерекше марапатқа ие болды. Марапат иелері университеттің Ғылыми кеңес

Көбірек

Кәсіподақтың марапатын иеленді

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Онлайн білім беру жағдайындағы ұстаздар шеберлігі» тақырыбында  облыстық кейс чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл шара  алғаш рет өткізіліп отыр. Кейс чемпионатына Жұбанов университеті, Ақтөбе жоғары полетехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар

Көбірек

Тыл ардагерлері де құрметке лайық!

Жеңіс мерекесінде соғыс ардагерлерімен қатар тыл еңбеккерлері де құрметке бөленді.  Адамзат тарихына өшпес қара таңба салған 1941-1945 жылдарғы Екінші дүниежүзілік соғыс зардаптары басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына биыл 76 жыл толды. Жастайынан ұрысқа қатысып, елі мен жері үшін ерлік жасаған боз балалар бүгінде абызға айналды. Ардагерлердің қатары сиреп, жасы ғасырға

Көбірек

Комиссияның кезекті отырысы нәтижелі өтті

Күні  кеше Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясының бірінші отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері қатысты. Бейнебайланыс режимінде өткен Комиссия отырысында Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева сөз алып, Комиссия жұмысына сәттілік тіледі. Жиында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясы туралы ереже, Комиссияның

Көбірек

Марапатқа ие болды

Бүгін Жұбанов университетінде ректордың жұмыс жиыны өтті. Жұмыс жиыны салтанатты шарамен басталды.  Кезекті басқосуды оқу орнының басшысы Бауыржан Ердембеков кіріспе сөзімен ашты. Сөз соңында  «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ольга Сұлтанғалиеваға табыстады. Айта кетейік, еліміздің әлем өркениетінде лайықты орынға ие болып, дамудың сара

Көбірек

Мерейтойлық марапаттар табысталды

Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы үздік профессор-оқытушыларды марапаттады. Мұнда Жұбанов университетінің 85 ұстазы алғысқа бөленді. Салтанатты марапаттауда университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ольга Сұлтанғалиева ұстаздардың қоғамдағы рөлін айтып, ұстаздарға ыстық ықыласы мен құрметін білдірді. Сөз соңында ұйым төрайымы білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ұстаздар мен еңбегі еленген педагогтарды Ақтөбе

Көбірек

Ақтөбе облыстық білім кәсіподағы індетті көз жұмғандардың отбасына көмек көрсетті

Ақтөбе облыстық білім кәсіподағы індеттен көз жұмғандардың отбасына көмек көрсетті Әлемді жайлаған індет біздің елімізді де айналып өтпеді. Мыңдаған адам пандемия құрбаны болды. Қатерлі індеттен көз жұмғандардың арасында өңіріміздің ұлағатты ұстаздары да бар. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы короновирус және пневмония дертінен қаза болған

Көбірек

Коронавирус пандемиясы жағдайындағы кәсіподақ ұйымы

  Қазақстанда кәсіподақ қозғалысы жиырмасыншы ғасырдан бастау алады. Қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподақ ұйымы ретінде  1905 жылғы желтоқсан айынының алтысында құрылған Қарағанды облысы аумағында орналасқан мыс кеніші жұмысшыларының одағы болып саналады. Кеңес Одағы тұсында Қазақ КСР-ның барлық кәсіподақтарының қызметі орталық орган – Қазақ кәсіптік одақтар кеңесіне  (ел есінде Қазсовпроф болып қалған) қарады.

Көбірек