Пятница, Март 29, 2024
Басты > 2019 > Апрель

Студенттер де қайырымдылық жасайды

«Жақсылық жасауды өзіңнен баста» деп ұрандатып жүрген Жұбанов жастарының өз замандастарын  қолдау мақсатында «Ақтөбе мейірім мекені» қайырымдылық шарасын  ұйымдастырды. Шараға «Ана үйі» мен  қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары мен университет оқытушылары, студенттер қатысты.  Аталмыш шара Елбасының  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен «Жастар жылы» және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып

Көбірек

Қазақстанның бірлігі — халқының достығында

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Жұбанов университетінің Студенттер сарайында 1 мамыр

Көбірек

Баскетболдан әйелдер командасы арасында Х жазғы Универсиада басталды

Елбасы «Халықты дене шынықтыруға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау принциптері үнемі басты назарда болуы тиіс» деп атап өткен болатын. Соған орай бүгін Жұбанов университетінің спорт кешенінде Баскетболдан әйелдер командасы арасында Қазақстан Республикасының Х жазғы Универсиадасы басталды.  Спорттық шараға Жұбанов университетінің,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ

Көбірек

Сұраныс көп, маман тапшы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде бүгін түлектер жәрмеңкесі өтті. "Білім" бағыты бойынша мамандарды таңдауға өңірімізден өзге Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарынан өкілдер келген. 24 жұмыс берушінің қатарында облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің басшылары да бар. Жас мамандарға сұраныс жоғары. Дегенмен, түлектер саны аз. Оқу орнын биыл 1800-ден астам түлек

Көбірек

Дипломмен ауылға

Жас мамандар жұмыссыз қалмауы тиіс. Бүгін Жұбанов университетінде түлектерге арналған жәрмеңке өтті. Шараға 30-дан астам жұмыс беруші қатысты. Жас мамандарға сұраныс бар ма? Жұмыс берушінің талабы қандай? Бұл - Құдайберген Жұбанов университеті. Лекция залының алдында ине шаншар жер жоқ. Түлектер кез-келген айлық пен ауылдық жерлерге де баруға  дайын. Ең бастысы жұмысқа

Көбірек

Түлектерді жұмысқа бөлу және орналастыру

Бүгін Жұбанов университетінде Кәсіби даму мансап орталығының ұйымдастыруымен «Білім» бағыты бойынша «ТҮЛЕК – 2019» атты университет түлектерін алдын-ала жұмысқа орналастыру рәсімі өтті.  Аталған шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Ақтөбе қалалық білім бөлімі, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстық блім басқармаларынан басшылары мен студенттер қатысты.

Көбірек

Jastar jylyndaǵy jastar forýmy

Q.Jubanov atyndaǵy Aqtóbe óńirlik memlekettik ýnıversıtetinde  «Men óz mamandyǵymnyń sheberi bolý arqyly mansabyma qol jetkizemin!» devızindegi «Stýdent-Túlek-Maman» respýblıkalyq forýmy ótti. Respýblıkalyq forým Elbasynyń «Jastar jyly» aıasynda Qazaqstan jastaryna sapaly bilim berý men bilikti maman daıyndaý, jastardy jumyspen qamtý jáne dýáldi bilim berý máselelerine arnaldy. Atalmysh sharaǵa  Qazaqstannyń 12 joǵary oqý oryndarynyń

Көбірек

«БҰҰ моделі» конференциясы

«Үйрен-бөліс» жобасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп қаладағы және облыстағы 30 мектептің қатысуымен Жұбанов университетінің шетел тілдері факультетінде ағылшын тіліндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі конференциясы өтті. Конференция барысында «Интернет: құпиялылық және сөз бостандығы!» тақырыбы талқыланды. Осы сессияның сарапшылары ретінде әлемдік сарапшы және Senior Expert Serviсе  әлемдік ұйым өкілі Хелга Фишер және

Көбірек

Startup бизнес-жобалар байқауы мәресіне жетті

Жұбанов университетінде үш күнге созылған  Ұлттық «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының өңірлік іріктеу кезеңінің нәтижесі жарияланып, жабылу салтанаты өтті. Байқаудың тақырыбына шектеу қойылмаған, оған  16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер қатысты. Ақтөбе облысында байқауға қатысуға шамамен 500 өтінім жиналды. Бүгінгі күні университет студенттері, колледждер, мектептер, аудандар мен дербес қатысушылардың 74

Көбірек