Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер нарколог-маманмен кездесті

Студенттер нарколог-маманмен кездесті

Жаратылыстану факультетінде 1-курс студенттері Ақтөбе «Облыстық психикалық денсаулық орталығының» нарколог-маманы Балзада Мурзатлеуовамен кездесті. Факультет ұйымдастырып отырған бұл кездесудің  басты мақсаты – студенттердің салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, «Есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Нарколог-маман студенттерге зиянды әдеттерге айналған темекі, нашақорлық, ішімдікке салыну, олардың денсаулыққа келтіретін зардаптарын және тәуелділіктің арты қайғылы жағдайларға апарып соғатынын жіті түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер дәрігер-маманға өз ойларындағы сұрақтарын да қойып тұжырымды жауаптарын алды.

 

Салтанат Тажекенова, Жаратылыстану факультеті