Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > 14 тамыз — Құрылысшылар күні

14 тамыз — Құрылысшылар күні

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екiншi жексенбiсiн «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жариялаған болатын.

Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары көбейдi.

Сүйікті қаламыз Ақтөбеде жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер, ғимараттар жыл өткен сайын бой түзеп келеді. Бұл үйлерде, бiлiм нысандарында, пайдалануға берiлген барлық нысандарда — бәрi-бәрiнде құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Сондықтан құрылысшы еңбегi қашан да құрметке лайық! Барлық құрылысшы мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтап, ел экономикасының дамып, көркеюіне қосқан үлестерінің жемісін көре берсін деп тілейміз!