Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев стратегиясы – аймақтық дамудың драйвері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға әлемнің 15 елінің өкілдері қатысты

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев стратегиясы – аймақтық дамудың драйвері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға әлемнің 15 елінің өкілдері қатысты

Бүгін Жұбанов университетінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев стратегиясы – аймақтық дамудың драйвері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның аймақтарын дамыту бойынша стратегиясының маңызын көрсету; шетелдік және отандық сарапшылар қоғамдастығының пікірін талқылау үдерісінде аймақтық сәтті дамудың факторы ретінде Батыс Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани-мәдени әлеуетін дамыту туралы білімді кеңейту.

Конференцияның ашылу салтанатында Ақтөбе облысының әкімі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бердібек Сапарбаев сөз сөйледі.

«Тәуесіздігіміздің алғашқы күнінен бастап Елбасының алға қойған анық мақсаты болды. Ол Қазақстанды дамыған елдер қатарынан көру. Бірақ бұл оңайға соқпайтыны анық еді, мақсатқа жету үшін алда көптеген қиыншылықтар тосып тұрды. Ел бірлігі мен ынтымақтыстығының арқасында біздің еліміз қазіргі таңда тұрақты даму жолында. Қазақстанның соңғы ширек ғасырда жеткен жетістіктері тікелей Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев атымен байланысты. «Өсе бер, өркендей бер құтты мекен — Ақтөбе» деп тілеген болатын Президент бір кездері. Міне, қазір біздің өлкеміз Ақтөбе халықының ерен еңбегінің арқасында қарқынды дамуда. Елбасы әрқашан айтып жүретін сөздерінің бірі – келісім жоқ жерде, ынтымақ жоқ жерде, ұлттық құндылықтар да, жалпы мақсаттар да болмайды. Сондықтан бүгінгі конференцияның Ақтөбе жұртшылғына берері көп. Оның басты мақсаты – мемлекеттігімізді, ұлттық ынтымақтыстықты нығайта отырып, өскелең ұрапқты тәрбиелеу» — деді өз кезегінде облыс әкімі. Сондай – ақ ол: «Әр азамат өз тарихын, өз елінің тарихын жетік білуі керек», — деп жастарды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесін тамашалауға шақырды.

Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан өңірлерінің дамуы жөніндегі стратегиясы» тақырыбындағы баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне бар болғаны 27 жыл ғана. Тарихи процесс тарапынан қарағанда бұл соншалықты ұзақ уақыт емес. Бірақ елдің экономика, саясат, әлеуметтік салаларының даму қарқыны 1990- жылдардың басындағы жас Қазақстанның алғашқы қадамдарының куәсі болғандарды таң қалдырмай қоймайды. Бір ғана халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Тұңғыш Президент, еліміздің негізін қалаушы — Нұсрұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның егемендігін нығайтудағы тұлғалық ролін толық ашу мүмкін емес» — деді Әмірхан Мұратбекұлы.

«Жаңғыртылған жоғары білім – өңірлік даму факторы» тақырыбында баяндама жасаған Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбындағы көшпелі көрме жобасы бойынша республикамыздың түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқан тағылымы мол шаралар еліміздің саяси-мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналып отыр. Бүгін біз сіздермен аталмыш жоба аясында Жұбанов университетінің төрінде өткелі отырған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясы – өңірлік даму драйвері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жүздесіп отырмыз. Университет ұжымы және өз атымнан баршаңызға осы алқалы ғылыми шараға «Қош келдіңіздер!» — деймін.

Елбасымыз әрдайым халқына үндейтіндей, дамуымызды жедел, келешегімізді кемел етер істеріміз көп болсын! Бүгінгі конференциямыз осындай берекелі істеріміздің біріне айналып, жиын барысында жарияланған ойлар, тұжырымдар мен ұсыныстар Елбасымыздың елімізді көркейту мақсатында берген тапсырмаларын сапалы орындауға қызмет етсін» — деді.

Сондай-ақ ректор жиналғандардың назарын Президент тапсырмаларына сай оқу орнында орындалған жұмыстарға аударып, университет студенттерінің жатақханамен толық қамтамасыз етілгендігін, өткен оқу жылында университетте магистратура бойынша 15 мамандықтың, докторантура бойынша 5 мамандықтың ашылғандын да атап көрсетті. Жаңа оқу жылында университет жанынан 12 мамандық бойынша кадр даярлайтын Жоғары колледж өз жұмысын бастады. Сонымен қатар өз сөзінде ректор биылғы оқу жылында студент қатарына 5300 студент қабылданғаны, оның 800 шетелдік студенттер екені туралы да хабардар етті. Айта кетейік, биылғы оқу жылында 200-ден астам шетелдік қандастарымыз ақысыз оқуға мүмкіндік алды. «Президенттің тапсырмасын орындау, Ақтөбе агломерациясын дамытуға қажет техникалық салалар бойынша мамандар даярлау ісін жетілдіру мақсатында 2017 жылы университеттің өз қаржысына ауданы 1200 ш.м., құны 246 млн. тг. тұратын «Инновациялық технологиялар паркі» бой көтерді. Қазір мұнда 13 ғылыми зертхана, 5 орталық жұмыс істеп жатыр. Университет ұжымының ынтымақты еңбегінің нәтижесінде республика жоғары оқу орындарының 2018 жылғы Бас рейтингінде университетіміз 7-ші орынға тұрақтады. Болашақта бұл жетістігімізді баянды етіп, халықаралық рейтингтерде де лайықты орындардан көріну үшін жұмыс жасайтын боламыз», — деді өз сөзінде Бауыржан Аманкелдіұлы.

Еске сала кетейік, жақында Жұбанов университетінің қітапханасында Тұңғыш Президент атындағы электронды оқу залы ашылып, кітапханаға Елбасы кітапханасы қорынан 350-ден астам кітап сыйланды.

Сонымен қатар Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембековке Ақтөбе өңірінде өтіп жатқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында өткізілген орасан зор мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-саяси маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбековтің Алғыс хаты табысталды.

Конференция жұмысына Қазақстандық 20 жоғары оқу орнының ғалымдары мен 8 шетел мемлекеттерінен 126 ғалым (ҚХР, Оңтүстік Корея, Түркия Республикасы, Индия Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы) қатысты. Оның ішінде, Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің профессоры Ли Цзяньхун (Қытай Халық Республикасы), Башқорстан Республикасы білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері, Жоғары кәсіби білімнің құрметті қызметкері, М. Ақмуллы атындағы Башқұртстан мемлекеттік педагогика университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Филарит Терегулов (Ресей Федерациясы), Тонмён университетінің ғылыми қызметкері Сон Си Мьон (Пусан қаласы, Оңтүстік Корея), Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ербол Бекмұхамбетов және басқалар бар.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан аймақтарын дамыту бойынша Н.Ә.Назарбаев стратегиясының мәнмәтінінде әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның беделі мен халықаралық мәртебесін арттыру факторы ретінде Тұңғыш Президент – Елбасының ішкі саяси бастамалары мен этникааралық, конфессияаралық келісім мен рухани даму, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жобасы, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін талқылады.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА