Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Лев Толстойдың 190 жылдығына арналады…

Лев Толстойдың 190 жылдығына арналады…

2018 жылдың 16 қарашасында филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттері қонақтарға әдеби қонақжай есігін айқара ашты. Әдеби кеш орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190-жылдық мерейтойына арналды.

Іс-шараны «19 ғасырдағы орыс әдебиеті» пәнін оқыту аясында аға оқытушысы Т.В.Коробкова ұйымдастырды. Кіріспе сөзінде оқытушы Толстой шығармашылығының әлемдік маңызын атап өтті.

Әдеби-музыкалық қойылым материалдары ұлы классиктің өмірі мен шығармашылығын қамтыды. Студенттер жазушының күнделік жазбаларына

сүйене отырып, оның шығармашылық және философиялық ізденістері, орыс әдебиетінің корифейі өмірінің қызықты фактілері туралы айтып, оған және оның шығармашылығына арналған өлеңдер оқыды.

Аудитория қызықты түрде ұсынылған теориялық материалды қызықтады. Классикалық музыканың сүйемелдеуімен шыққан Л.Н.Толстой шығармаларының үзінділері көрермендерге ерекше эстетикалық әсер қалдырды.

«Соғыс және бейбітшілік» романының үзіндісі — Наташа Ростованың алғашқы балының театр қойылымына ерекше көңіл бөлді. Қойылымға қатысушылар Андрей Болконский мен Наташа Ростованың вальсімен көрермендерді айналдырып әкетті, сонымен қатар кейіпкерлер арасындағы махаббат туралы нәзік жеткізді.

Л. Н. Толстойдың туғанына 190 жыл толуына арналған әдеби кеш, филолог студенттердің креативті мүмкіндіктерін көрсетті. Орындаушылар көрермендерді Толстой кейіпкерлерінің әлеміне эмоционалды түрде шығара алды, содан кейін олар орыс әдебиетіндегі ең көрнекті өкілдерінің бірінің ұлы туындыларын қайта оқуға деген тіліектері пайда болды.

Әйгерім ЖАНАЛЫҚЫЗЫ