Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Білім > Грант алмаған абитуриенттер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады!

Грант алмаған абитуриенттер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады!

Білім министрі Ерлан Сағадиев сенбі күні Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінде таңертеңнен кешке дейін абитуриенттердің ата-аналарын, олардың туыстарын білім беру гранттарының бөлінуіне білдірген наразылықтарына қатысты қабылдады.

Қабылдауға келгендер олардың балаларының ҰБТ-дан жүзден аса балл жинағанына қарамастан грант ала алмағанын баяндады. Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері конкурсқа қатысушылардың барлығының бірдей үмітін ақтамағаны айқын, себебі гранттардың саны шектеулі болды, мектеп бітірушілердің тек 30% ғана білім беру грантын алды. Бұл студенттердің көбісінің ақылы негізде білім алатынын білдіреді.

Егер қалыптасқан жағдайға байланысты Сіздің балаңыз грантқа түсе алмаған, ал төлеуге ақша жетіспеген жағдайда не істеу керек?

Студенттер мен абитуриенттерге оқуға ақы төлеуге қолдау көрсету мақсатында Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы енгізілді, оның шеңберінде абитуриенттің өзінің атына студенттік кредит ресімдеуге болады.

Студенттік кредиттің артықшылықтары:

— жылдық 10%  бастап;

— 12 жылға дейін (айыппұл санкциясысыз мерзімінен бұрын өтеу);

— кепілсіз (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы кепілдік қамтамасыз ету кепілі болып табылады);

— кредитті өтеуді кейінге қалдыру (оқу кезеңінде және оны аяқтағаннан кейін 6 ай студент тек кредит бойынша пайыздарды ғана өтейді);

— колледждің/жоғары оқу орнының абитуриентінің/студентінің өзіне ресімделеді (оқуды аяқтағаннан кейін өтеу міндеттемесі абитуриенттің/студенттің өзіне жүктеледі);

— Қазақстанның барлық қалаларында ресімделеді;

— кредитті қажеттігіне қарай алу.

Қарыз алушыға қойылатын талап:

— ҚР азаматтығы;

— үлгерімі ҰБТ/КТ бойынша 50 балдан төмен емес;

— қоса қарыз алушының болуы (табысы және зейнетақылық аударымы бар жеке тұлға)

Кредитті алу қадамдары:

— құжаттар жинау және Сіздің қаладағы банкке бару;

— оң шешім қабылданғаннан кейін банкімен шартқа қол қоясыз;

— шартқа қол қойғаннан кейін ақша колледждің/жоғары оқу орнының шотына аударылады.

Кредит ресімдеу үшін қажетті құжаттар:

Қарыз алушыға:

1. жеке куәлігі;

2. тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат;

3. абитуриенттер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе соңғы сессиядағы транскрипт;

4. білім беру қызметін алуға арналған шарт немесе оқу кезеңіндегі құны көрсетілген төлем шоты;

5. Банкінің талабына қарай өзге де құжаттар талап етілуі мүмкін.

Қоса қарыз алушыға:

1. жеке куәлігі;

2. тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат;

3. жұмыс орнынан табысы туралы анықтама;

4. соңғы 6 айдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірме;

Грант нәтижелеріне тәуелді болғысы келмегендер үшін білім беру депозитінде алдағы оқуына қаражат жинақтау мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жыл сайын мемлекеттен қосымша ақша алады  .

Анағұрлым толығырақ ақпарат алу үшін не студенттік кредит ресімдеу кезінде проблемалар туындаған кезде Қазақстан бойынша 8 800 080 28 28 тегін қаурыт желісіне хабарласыңыз

edu.gov.kz