Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Елбасы жолдауы жайлы пікірлер

Елбасы жолдауы жайлы пікірлер

Елбасы жолдауы-болашаққа бастар жол

Еліміздің Президенті, кемеңгер көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күні кешегі қазақстандықтарға арнаған Жолдауын оқыған болатынмын. Алтын күздің шұғыласындай көпұлтты қазақ елінің жүрегіне жылылық сыйлаған Елбасымыздың  бұл жолғы кезекті Жолдауының мән-маңызы ерекше екен. Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Алдымен, бірінші байлық денсаулыққа тоқталсақ, адамзат баласына не қымбат, жан қымбат! Сол үшін қазақстанда 100 спорт кешені бой көтереді. Қандай ғажап! Салауатты өміріміз үшін, мәнді де сәнді тірлігіміз  үшін көпұлтты халықтың қамын ойлаған көреген Көшбасшымыз медицинаға, спортқа аса мән беріп отыр. Сол секілді баспаналы болуды кім аңсамайды? Ол үшін «7-20-25» бағдарламасы көңілге қонымды.

Біздің елімізде қаіргі уақытта жан жақтан зәулім құрылыстар бой көтеріп жатыр. Кішкентай балаларға арналған ойын-сауық аулаларынан үш ай жаз бойы үйінің алдында доп қуып, бақытты балалықтың әр күнін көтеріңкі көңілмен өткізген ұл-қызды көреміз.

Елбасымыздың мұндай салиқалы әрі салмақты Жолдауы еліміздің ынтымағы мен бірлігін, тату-тәтті тіршілігімізді көрсетеді. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасыда  жаппай қолдауға ие болуда.

Адамзат баласының  қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы-білім, оқу мен тоқу арқылы жасалған. Білім алу сипаты алуан түрлі екенін ескерсек, заманауи білім беру жүйесінің  мақсаты- бәсекеге қабілетті, жан жақты, көп тіл білетін маман дайындау. Осы орайда  білім саласы ұлт Көшбасшысымыз Н.Ә.Назарбаевтың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Мұндай қамқорлықты Елбасы Жолдау туралы айтқан мәлімдемесінде де айқын аңғартты. Жаңаша  ойлау туралы білімді ұсыну мен өңдеу-инновациялық қоғам үшін аса маңызды екені анық.

Елбасы ел назарына әркез жас буын  – жастар өкілдеріне қажетті бағдарламалар мен бастамаларды ұсынды. 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Қазіргі уақытта дейін қай салада болмасын жастарға арналған кешенді бағдарламалар оң нәтижесін беруде. Ал келер жылы бұл жұмыстар ұтымды жалғасын тауып, мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер мен қолдау күшейеді деп сенемін. Жоғары білім беру саласының деңгейі арта түсуін ендігі уақытта шетелдік топ менеджерлердің жұмысқа тартылуынан байқайтын боламыз. Студент-жастарға әлемдік деңгейдегі оқу орындарынан қалыс қалмайтын білім сапасы ұсынылатын болады. Бұл Елбасының ең басты талабы – жалақысы жоғары жұмысқа орналасуға үлкен септігін тигізеді. Республика көлемінде 50 мың тұрғынға 1 млн. теңгелік сертификат салымдық көмек ретінде ұсынылады. Алдағы уақытта жергілікті үкімет тарапынан субсидия қарастырылатын болады. Бұл өз баспанасына ие болуды армандап жүрген мыңдаған жас отбасылардың өзекті мәселесінің шешімі болмақ. Ендігі кезекте бізге артылған үміт пен сенім мол, атқарылатын істер де зор болуы тиіс деп ойлаймын.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің

Психология мамандығының

 4 курс студенті Кенжебаева Н.Е.

Президент жолдауы – жастар дамуының тірегі

 Елбасының биылғы Жолдауы реформалық қағидаларды жандандыру тұрғысынан емес, осы жылдары, бүгінгі таңда бастау алған жаңашылдық идеяларды жүзеге асыру тетіктерін жақсартуға бағытталған. Ең негізгісі, халықтың әл-ауқатын жақсарту әр адамның жеке басының құлшына еңбек атқарғанында, әр іске жауапкершілікпен қарауында ғана қол жеткізетін құндылық екенін айтты. Сонымен қатар, еліміздің экономикалық әлеуетті жаңаша дамыту қажет екенін Елбасы ерекше атап өтті.

Елбасының Жолдауда баса назар аударған мәселесі – жастар мәселесі. Жастар – ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Жастар кез-келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде маңызды орын алады. Ал, сол жастардың қоғамдағы жағдайы және олардың әлеуметтік ортаны дамытуға қатысу дәрежесі мемлекетке және жастардың белсенді өмірлік ұстанымына да байланысты. Елбасы өз Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор құлшыныс беретінін атап өтті. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастыру, жаңаша бағыттармен толықтыру менің ойымша жастарға тиесілі. Ол үшін жастар қауымының барлық бастамалары мен атқарған қызметтеріне қолдау керектігін ашық қарастыратын ауқымды іс-әрекет қажет. Әсіресе ауыл жастарының әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Жастардың әлеуметтік, зияткерлік, мәдени және экономикалық әлеуметтік жүзеге асыру үшін мемлекет жағдай жасап, бірнеше бағдарламалар ұсынып отыр. жастар болса, жаңа талаптарға бейімделіп, еңбек, саяси және құқықтық өмір сүру салаларындағы білім, құндылықтар мен дәстүрлер жүйесін меңгеруі қажет. Шынымен де, қоғамның дамуында жастардың алар орны ерекше.

Бүгінгі таңда жастар жігерлі, ынталы, білімді. Одан шығар нәтиже – жастар қоғамды нығайту мен жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады, өйткені жастардың қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу моделі де өзгерді. Ендігі қажеттілік жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі. Сонымен қатар, университет ректорының ғылымға бет бұрған студенттерді қолдауы біздер үшін үлкен мотивация болып отыр. Мысалы, жыл сайын өтетін  «START UP» жобасы, технопарктың ашылуы, басшымыздың студенттермен кездесулер өткізуі және т.б. Қазақстан жастары – бұл шынымен де әлеуметтік өзгерістердің маңызды топтамасының жүрегі.

Осыны Елбасы да қолдайды, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен үміт артады. Ендігі айтарым, жастар өзін-өзі жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс, себебі жалпы мемлекет дамуы – жастардың алға басқан ұмтылысында, жаңаша көзқарасы мен қажырлы, адал еңбегімен байланысты.

«Жастар жылында» Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында қабылданған бағдарламалар жүзеге асып, сонымен қатар жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жастардың жұмысқа орналасуының тиімді жүйесі құрылса, Елбасының еліне арнаған Жолдауынан туындайтын биік міндеттердің жоғары деңгейде іске асары анық. Сонымен қатар, Елбасымыз жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау — мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

«Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», — деді Президент. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Елбасы Жолдауы жастардың болашаққа деген сенімін арттыра түсті. Енді алдымызда бар күш-жігерімізді аямай, жұмыла еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу міндеті тұр. Сондықтан, жан-жақты қамтыған әрбір міндеттемеге жұмыла атсалысып, бірлесе күш қосу, әсіресе, жастар серпінін арттыру өте маңызды. Күш-жігері, білімі, білікті, ізденістерге толы, әр сабақты бір ғажайып шараға айналдырғысы келетін жас та, талантты ұстаздар біздің ауданымызда жетерлік. Біз жастар жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі Елбасымыздың үкіметке жүктелген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды. Елбасының халқына арнаған жолдауы барша қазақстандықтардың жүректерінен сенім ұялатады. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Еліміздің қамы үшін әрқайсысымыздың тамшыдай болсын үлесіміз маңызды. Өйткені біздің басты мақсатымыз – 30 дамыған елдер қатарына кіріп, тұтқасын нық ұстар «Мәңгілік елге» айналу. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз «тар жол тайғақ кешуде» дұрыс бағыт анықтап, кез келген сыннан мүдірмей өте алады. Сен еліңе қажетсің, елің саған қажет.

Осы орайда, Елбасының Жолдауына қолдау көрсете отырып, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік өсуіне біз, жастар, өз үлесімізді қосамыз. Бүгінгі студент – ертеңгі мемлекет иегері. Тәуелсіз Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарынан көрінуінің бір ұшы осы бүгінгі ұрпақта жатыр. Әрбір жастың бойында елімізге деген жалынды от болуы керек. Сөзімді қорытындылай келе, Мағжан Жұмабаев атамыздың: «Мен жастарға сенемін» деген сенімінің орындалып жатқаны ақиқат. Сол сенімді орындап іске асыруда әрдайым белсенді болайық, жастар, дегім келеді.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің

5В050300-Психология мамандығының 3-курс студенті

 Ғазизбекқызы Тоқжан


 

 

«Ел басының жолдауы  — дамудың ең басты тірегі»

 Елбасы сонау тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның болашағы үшін зор еңбек етті. Экономикасын қарқынды дамытып, заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімділікті қамтамасыз етті. Қазақстанның халықаралық деңгейін арттыруға көптеп күш салуда. Сонымен қатар бүгінгі таңда Елбасы Қазақстан өркендеуіне ұлы бастамалар мен кең ауқымды жолдаулар ұсынып отырды. Елбасының Жолдауы Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын жоғары көтеру мақсатында жолданған болатын.

Басты мақсаты  – Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасын күшейту. Жаңа экономикалық саясат осы негізгі мақсатты шешу жолын көрсетіп отыр.

Мемлекет басшысының халқына 2018 жылдың 5 қазанында  жолдаған Жолдауында қозғалған өзекті мәселелер. Ең төменгі жалақы көлемін 1,5 есе өсіруді тапсыруда. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату керектігін де ескерте кетті. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек. Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс екен деп те айтқан болатын. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.

Тағы бір қарастырылған мәселе тұрмыс сапасын арттыру. Әл ауқатымыздың екінші бір сипаты өмір сүру деңгейінің артуы. Ол үшін атқарылатын жұмыстарда ұсынылды. Оларды жалпылама атап өтсек, ғылым, білім мен денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаржы қорын арттыру. Мектепке дейінгі білім сапасын түбегейлі жақсарту. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.  Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санайды.

 Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мәселесіне де тоқталмай кетпеді. Сапалы әрі қол жетімді баспаналар беріп отбасылардың жағдайын жақсарту мәселесі де қаралды. Және тағы бір айта кететін құқық қорғау органдарының жұмысна елеулі және сапалы өзгерістер енгізу қажет деп есептеді.

Жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі, Президенттің Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды. Жолдау барлық Қазақстан қоғамын жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясатқа негіз болады. 3 жылда Ұлттық қордан жұмсалатын 9 млрд. доллар қаржының әрбір тиыны нақты салаға, пайдасын әкелетін болып жұмсалуы керектігін Президент құқық қорғау органдары басшыларына қатал тапсыруда. Жолдау жаңа міндеттерді жаңаша шешуге бастайды.

Елбасының биылғы Жолдауы оның әлемдік үрдістерді, қайшылықтар, қауіптер мен катаклизмдерді терең түсінетін сұңғыла мемлекеттік қайраткер екендігін тағы да дәлелдеді. Осы жолданған жолдаулар өз бағытымен іске асырылса әлі талай белестерді бағындырарымыз анық.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің

Психология мамандығы 2 курс

Таңатарова Інжу

https://bilimdinews.kz/?page_id=15416