Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Хабарландырулар > Университетішілік әдістемелік апталық өтеді

Университетішілік әдістемелік апталық өтеді

Жұбанов университетінің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 2018 жылдың қараша айының 26-30 аралығында «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» тақырыбында университетішілік әдістемелік апталық өткізіледі.

Әдістемелік апталықтың мақсаты – студенттердің білімдерін шыңдап, сапалы білім беру мақсатында оқытушылардың әдістемелік құзіреттіліктерінің дәрежелерін көтеру және кәсіби шеберліктерін жетілдіру. Оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану.