Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет студенттері «Тәуелсіздігім-тірегім, Түркістаным-жүрегім» атты өңірлік жастар форумына қатысты

Университет студенттері «Тәуелсіздігім-тірегім, Түркістаным-жүрегім» атты өңірлік жастар форумына қатысты

Форум қараша айының 14-17 күндері аралығында Түркістан қаласында өткізілді.Бұл форумға университетіміздің студенттеріде қатысып келді.

Аталмаш шара барысында Түркістан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің 17аймағынан келген 200ге жуық белсенді жастармен бейресми кездесу өткізді.Басқосуда Түркістан өңіріндегі жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілді мәселелер қозғалды. Жиын барысында аймақ басшысы жалынды жастарды түркі әлемінің рухани астанасы атанған өңірдің өркендеуіне үлес қосуға шақырды.


14-16 қараша күндері университетіміздің пікірсайысшылары «Терең Тарихтан-Жарқын Болашаққа»атты Республикалық Пікірсайыс турниріне қатысып бақтарын сынады.Түркістан қаласының рухани қазынасы атанған Арыстан баб ,Қ.А.Яссауи кесенілеріне барып, «Отырар» мемлекеттік архелогиялық музейін аралады. Сонымен қатар, студенттер «Түркі әлемін тоғыстырған -Түркістан» атты Халықаралық Жайдарман ойындары мен «Жаңарған Түркістан — жастар қаласы » атты ҚР-ның эстрада жұлдыздарының қатысумен өткен ГАЛА КОНЦЕРТТІ тамашалады.

Түркістан қаласында өткен форумға жастардың атсалысуына қолдау көрсеткені үшін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембековке студенттердің алғысы шексіз.

Нұрлан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

«Ритор» зияткерлік пікірталас клубының жетекшісі