Вторник, Март 31, 2020
Басты > Жаңалықтар > Ақпараттық топ Хромтауға барды

Ақпараттық топ Хромтауға барды

Өткен аптада облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның ұйымдастыруымен ақпараттық топ Хромтау ауданына барып,  тұрғындарға Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндірді.

Елбасы Жолдауы мен бағдарламалық мақаласын түсіндіру үшін құрылған арнайы топтың құрамында философия ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сәрсембин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Сәдуақас, «Арасан Ақтөбе» ЖШС дәрігері Рысгүл Қабылова, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қоюшы режиссері Мағзом Бақытжанов, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС қызметкері Ербол Шыма бар.

Ақпараттық топ мүшелері алдымен Хромтау ауданындағы «Восход Ориел» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысының Жолдауы мен бағдарламалық мақаласының маңызын, онда айтылған негізгі бағыттарды түсіндірді.

Сондай-ақ ақпараттық топ Тассай, Ақжар, Жазық, Абай ауылдарының тұғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бес басымдыққа тоқталды.

Басқосу аясында топ мүшелері ауыл тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпарат беріп, олардың осы мәселеге қатысты сауалдарына жауап берді.

 Д.ҚАЗИХАН

Ақтөбе газеті