Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті оқушылар мен студенттер!

Сіздерді шетел тілдері факультеті 22 қараша, сағат 14.00-де өтетін Ашық есік күніне және Thanksgiving day американдық мереке күнін бірге тойлауға шақырамыз. Мұнда сіздерге қызықты ақпараттар, мерекелік концерт,

КВЕСТ, сонымен қатар факультетіміз бен мамандықтарымыз жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік бар. Қажетті ақпарат пен керемет сыйлықтар алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Біздің іс-шарамыз мерекелік концерт және факультет деканы Баядилова-Алтыбаева Айнұр Бақтығалиқызының құттықтау сөзімен басталады. Сонымен бірге, концерт барысында қолжетімді баға мен жоғары деңгейде өткізілетін ағылшын, неміс және француз тілдерінен өтетін курс жөнінде біле аласыз. Сіздерді сыйлыққа берілетін сертификаттар мен курсқа жеңілдіктер, Apple pie-мен шәй ішу мүмкіндігі күтуде.

Барлықтарыңызды факультетімізге қонаққа шақырамыз!!!