Среда, Февраль 19, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру стратегиясы мен тәжірибесі VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру стратегиясы мен тәжірибесі VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын кеңінен тарқату мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру стратегиясы мен тәжірибесі» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – ұсынылған сұрақтар бойынша ғалымдар мен мамандардың тәжірибе алмасуы.

Конференция жұмысында шетелдік және отандық экономист ғалымдар мен экономика саласының мамандары қатысты. Олардың қатарында: э.ғ.д., профессор Алексей Тяпухин (Ресей); э.ғ.к., доцент Алмаз Иниятоы (Өзбекстан); Ақтөбе облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дәмелі Кунанова; «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев; «БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Талаева, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің» басшысы Нұртуған Уралбаевтар болды.

Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Жұбанов университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров конференцияның өзекті мәселелеріне тоқталып, «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың барлығы бар. Осы бай ресурстарды ел игілігіне пайдалану біздің жастармыздың басты мақсаттарының бірі. Ал ол мақсатқа жету үшін мұндай конференциялардың берері көп деп ойлаймын. Бәріңізге сәттілік тілеймін!», — деді.

Ақтөбе облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дәмелі Кунанова «Білікті мамандар – табысты өндіріс кепілі» тақырыбындағы баяндамасын көпшілік назарына ұсына отырып, бизнес үшін маман тапшылығы алдыңғы орынға шығып тұрған мәселелердің бірі екенін атап кетті. Оның айтуынша, Ақтөбе облысының кадр қажеттілігін анықтау үшін кәсіпкерлік субъектілерінің арасында жыл сайын нарыққа қажет мамандықтар тізімін анықтайтын сауланама жүргізіліп тұрады. Жоба барысында өндірісітң толық скринингі жасалады. «Сауалнамаға 6000 бизнес субъектілері қатысқын болатын. Біз 5 және одан көп адам жұмыс жасайтын мекемелерді қарастырдық. Сауалнама барысында мамандарджың біліктілігі басты назарда болды. Нәтижесеінде біздің облысымыз бойынша 2019 жылы 7140 маманға зәру екендігі анықталды. Олардың 21% жоғары біліммен қажет болса, 79 % жұмысшы классификациясы бойынша қажет. Кадр қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін біз колледждермен жұмыс жасап, дуалды оқыту технологияларын пайдаланудамыз», — деді ол.

«Ақтөбе өңірі агломерациясының индустриалды-инновациялық дамуы» тақырыбында баяндама жасаған университет түлегі, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің» басшысы Нұртуған Уралбаев облысымыздың индустриалды-инновациялық дамуы мен болашаққа жоспары туралы айтып кетті.

«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев ҚР білім беру мекемелеріндегі еңбек заңнамаларының қолданылуына тоқталса, Бердах атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік университетінің экономика кафедрасының доценті, э.ғ.к., Алмаз Инятов ақпаратты-коммуникациялық технологияларды тиімді еңгізу мәселелері турасындағы ойларымен бөлісті.

«БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Талаева 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесінің жаңаруы туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар конференция барысында «Құндылықтар мен сенімділік тізбегіндегі ресурстық ағындардың өзара байланысын зерттеу» тақырыбында баяндаманы Самара мемлекеттік университетінің Орынбор филиалының логистика және транспорттық коммуникация кафедрасының жетекшісі, э.ғ.д., профессор Алексей Тяпухин жасады.

Пленарлық мәжілістен кейін конференция жұмысы 4 секция бойынша жалғасты.

Халықаралық конференция барысында Жұбанов университетінің «Экономика және құқық» факультетінде белгілі ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Үкітай Байжомартов атындағы оқу кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Үкітай Серікбайұлының жақындары, үзеңгілес достары, конференция қонақтары және университеттің профессор-оқытушылары қатысты.

Үкітай Серікбайұлы Байжомартов 1931 жылы 1 қаңтарында Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірген. Көп жылдар бойы облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы партиялық-мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасын басқарған. 350-ге тарта оқу-әдістемелік және ғылыми еңбек, 40 ғылыми мақала авторы. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Үкітай Серікбайұлы 6 орден, 5 медальдің иегері, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен 2 мәрте марапатталған.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА