Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әдебиет және дін мәселелері талқыланған дөңгелек үстел

Әдебиет және дін мәселелері талқыланған дөңгелек үстел

20 қараш күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының оқу залында кітапхана қызметкерлері Жәния Сүндетова, Слушаш Жармұхановалардың ұйымдастыруымен «Әдебиет және дін» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапхана қорындағы дінге байланысты әдебиеттермен таныстыру, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе діни сауатсыздық туралы сөз қозғау болды. Бұл дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің Бас имамы, теология магистрі — Оспан Төлеби Дәділұлы, Тарих ғылымының кандидаты, доцент — Даулетьярова Балжан Хамидуллақызы, Қазақстан халықтар Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты — Сәрсембин Үмбетхан Қуандықұлы, Қазақстан халықтар Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ешниязова Айнұр Чапайқызы, студенттер және кітапхана ұжымы қатысты.

Музыкалық білім мамандығы 101 тобының студенті Әбдісамат Исламбек шараны Секен Тұрысбектің «Ақ жауын» күйімен ашты. Дөңгелек үстелді жүргізуші экология мамандығының 201 топ студенті Еркебұлан Аманғалиев кештің жоғары деңгейінде өтуіне атсалысты. Кітапхана қызметкері Жәния Сүндетова осы тақырып аясында дайындалған «Дін – мемлекеттің рухани тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің Бас имамы, теология магистрі- Оспан Төлеби Дәділұлы студент жастарға тәлім-тәрбиелік мәні зор сөз сөйлеп, кітапхана қорына «Ұлы Дала төсіндегі Ислам» атты үш тілде жазылған кітап тарту етті.

Дөңгелек үстелде, экология мамандығы 101 топ студенті Назерке Актлесова «Теріс ағымдарға тосқауыл», биология мамандығы-208 топ студенті Тілектес Жолдасбаева «Ислам діні- діңгегіміз» атты баяндамаларын оқыды. Өз кезегінде құрметті қонақтар Даулетьярова Балжан Хамидоллақызы, Сәрсембин Үмбетхан Қуандықұлы, Ешниязова Айнұр Чапайқызы бұл тақырыптың маңыздылығын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, оның ішінде арнайы қонақтарға ерекше алғыс білдіріп, дөңгелек үстелдің өз дәрежесінде өткізуге атсалысқан белсенді студенттерді марапаттады.