Суббота, Июль 20, 2019
Басты > Жаңалықтар > Драма театрдағы кеш

Драма театрдағы кеш

Жұбанов университетінің  «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2,4 курс студенттері және факультет кураторлар В. Ж.Исламгалиева, Т.А.Садретдинова облыстағы Т.Ахтанов атындағы драма тертрында Георгий Хугаевтың «Черная бурка» пьесасын тамашалады.

Георгий Хугаевтың «Черная бурка» пьесасы сөзсіз ересектерге арналған ертегі. Қойылымның басты кейіпкерлері-жануарлар, шын мәнінде бұл адамдар туралы қойылым. Аң бейнесінде адами қасиеттер жасырылған: адалдық, қорқыныш, ақымақтық, қатыгездік, даналық… Қойылым қазіргі қоғамның мәселелерін ашып көрсетеді. Ой сәтті болды. Финалда актерлерді сахнадан ұзақ уақыт бойы ду қол шапалақпен жібермеді. Студенттер де кеткісі келмеді.

Көптеген сұрақтар туындады,  бәлкім,оның жауабын олар алдыңғы уақытта табар.

Айгерім ЖАНАЛЫҚЫЗЫ