Пятница, Декабрь 6, 2019
Басты > Жаңалықтар > Тұңғыш Президенттің өміржолына арналған дөңгелек үстел

Тұңғыш Президенттің өміржолына арналған дөңгелек үстел

«Тұңғыш Президент» күні қарсаңында Жұбанов университеті кітапханасының жаңадан ашылған Тұңғыш Президент атындағы электронды оқу залында «Тәуелсіздіктің құндылықтары және жастар арасындағы патриотизмді нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны университеттің ғылыми кітапханасы тарих факультетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелдің мақсаты –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өміржолы және қызметімен студенттерді таныстыру.

Шараға қатысқан «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттері ең бірінші Нұрсұлтан Назарбаевтың өміржолы, отбасы, қызметі туралы ақпаратпен таныстырылды.

Таныстырылымнан кейін сөз алған ф.ғ.к., Үмбетхан Сәрсембин: «Тәуелсіздік біздің еліміздің ең жоғары байлығы. Оның маңыздылығын сіздер толық түсінулеріңіз керек. Тек қана тәуелсіздікке қол жеткізген соң ғана біздің мемлекетіміздің шекарасы бекітілді. Бүгінгі таңда елімізде саясат, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық салаларында ірі-ірі стратегиялық жоспарлар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің тірегі болып табылатын Қазақстан Республикасының халықтарының бірлігінің жоғары дәрежеде екенін атап кету керек», — деді.

Берілген ақпаратты бекіту мақсатында студенттерге дөңгелек үстел тақырыбына қатысты сұрақтар қойылды.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА