Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Орыс тілінің диалектологтары мен тарихшылары «Төртінші Моисеев оқуларында»

Орыс тілінің диалектологтары мен тарихшылары «Төртінші Моисеев оқуларында»

2018 жылдың 22-24 қарашасында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде «Төртінші Моисеев оқулары: тілдің ұлттық және аймақтық ерекшеліктері»атты Бүкілресейлік ғылыми конференция өтті.

Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры С.А.Алешина алғы сөз сөйледі. Конференция жұмысына Ресей Федерациясының 12 ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарынан (Мәскеу, Санкт-Петербург, Чита, Вологда, Волгоград, Уфа, Владимир, Самара, Магнитогорск, Орынбор) ғалымдар, таяу және алыс шетелдерден: Қазақстан, Болгария, Қытай, Вьетнам, Словакия, Беларусь және Украина ғалымдары қатысты.

Біздің Республикамыз атынан Жұбанов университетінің «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.И.Унгарбаева қатысты. Пленарлық отырыста ол «18 ғасырдың іскерлік тілінде славянизмдердің семантикалық дифференциациясының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Ғалымдар қазіргі орыс диалектологиялық ғылымының өзекті мәселелерін ғана емес, тарихи лексикология мәселелерін де талқылады. Конференция басында материалдар жинағы басылып шықты, барлық жарияланған мақалалар ҒДРИ-да индекстелді.

Айгерім ЖАНАЛЫҚЫЗЫ