Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Теңге — Тәуелсіздік келбеті

Теңге — Тәуелсіздік келбеті

Ұлттық валюта ретіндегі теңге,біздің
еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің
экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ.
Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың
Өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны.
Н.Ә.Назарбаев

С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ҚР Ұлттық валютасына 25 жыл толуына орай «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» атты танымдық сағаты өтті.

Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы
Шараның мақсаты — жастарды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге уйрету.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Физика және математика» факультетінің 1 курс студенттері мен №24 лингвистикалық жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Шара барысында жастарға төл теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстырды. Сонымен қатар «Теңге — тәуелсіздік символы» слайды көрсетіліп, теңгенің тарихы туралы бейнебаян тамашалады. Шараға қатысқан жастар Есенов Жылқайдар, Жәкенов Еркін, Калиева Сымбат, Құттыбай Айда сынды студенттер теңге туралы өз ойларымен бөлісіп, ақша туралы жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шарада «Теңге – тәуелсіздік нышаны» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қызметкері Мажитова Алтынай көрмеге толық библиографиялық шолу жасалды.
Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.

Бақтыгүл Бақытжанқызы,
бөлім меңгерушісі.
Ақтөбе қаласы