Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ынтымақтастық көпірі

Ынтымақтастық көпірі

Кеше  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университетінің Тарих, Физика-математика факультеттерінің ұйымдастыруымен «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» тақырыбында әдістемелік апталық аясында «Жаңартылған білім бағдарламасы: ЖОО мен орта білім беру орындарының ынтымақтастығы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинардың пленарлық бөлімінде Семинар университеттің барлық факультеттері мен облыстық мамандандырылған физика –математикалық мектеп интернатының, Назарбаев зияткерлік мектебінің, №21 үш тілде оқытатын мектеп гимназиясының және педагогикалық бағыттағы мамандықтардың 4-курс студенттерінің қатысуымен «әдістемелік көпір» форматында өтті. Физика-математика факультетінің деканы ф-м.ғ к. Бекбауова А.У., Тарих факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Г.Ы Купенованың алғы сөздері мен Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Избасарова Ф.Ж. мен Біліктілікті арттыру орталығының жетекшісі Имжарова З.У., Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика — математикалық мектеп интернатының физика пән мұғалімі Бозшин Б. Ж. әдістемелік тренингтерінен ерекше әсер алған семинарға қатысушылар семинардың практикалық бөліміндегі шеберлік сабақтарына белсене қатысты. Т.ғ.к. А.Т.Маденнің «Жоғары мектеп және жаңартылған білім мазмұны» тақырыбындағы, «Информатика және АТ» кафедрасы п.ғ.к., доценті А.М. Байганова, т.ғ.к. Ж.К.Кулмагамбетова, аға оқытушы Г. Утесовалардың «Жаңартылған білім бағдарламасы аясында ЦБР қолданып пәннің бағалау критерийлерін дайындау» тақырыбындағы. Ақтөбе қаласындағы үш тілде оқытылатын №21 орта мектеп гимназиясының информатика пән мұғалімі Ә.Г.Қалыдбайқызының «Информатикадан қалыптастырушы бағалауды құрудың бір үлгісі»тақырыбындағы. НЗМ физика пәні мұғалімі А.С.Жүгіністің «Физика пәнін оқытудағы критериалды бағалау» тақырыбындағы, НЗМ-география пәні мұғалімі М.Қ.Нұрманованың «География пәнін оқытудағы критериалды бағалау»- -тақырыбындағы шеберлік кластары семинар қатысушылары арасында жоғары бағаларын алды.

Әдістемелік семинар барысында Тарих факультетінің «География және туризм» кафедрасы мен Физика- математика факультетінің «Информатика және АТ» кафедрасы арасында «Ақтөбе облысының киелі жерлер географиясының» QR-код картасын жасау туралы келісім жасалды.

Семинар Тарих факультетінің «География және туризм» кафедрасының оқытушысы п.ғ. магистрі Г.Ж Шумақованың «Жаңа мектеп-жаңа педагог» әдістемелік консилиумінде білім берудің жаңа талаптарына сай, бәсекеге қабілетті жаңа педагогтың бейнесін қалыптастыру процесімен өз жұмысын аяқтады.

Гульмира КУПЕНОВА