Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарих факультетінде зияткерлік сайыс өтті

Тарих факультетінде зияткерлік сайыс өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Жұбанов университеті тарих факультетініңі «Тарих және дінтану» кафедрасының 2-курс магистранттары мен «Тарих» мамандығының студенттері арасында «Білім беру: болашаққа бастар жол» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті.

Аталмыш шараға тарих факультетінің оқытушылары, магистранттары және студенттер қатысты.

5 кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңі «Бәйге» деп аталды. 1-кезең барысында студенттер тарихпен танысты. Келесі «Тарихи сандар» кезеңінде қатысушыларға тарих, география, дінтану бойынша сұрақтар қойылды. «Алаш арыстары» деп аталатын 3-кезеңде ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының алаш зиялы қауымының өмірі мен қызметі талқыланды. Келесі «Киелі жетілік» кезеңінде қатысушыларға салт-дәстүр төңірегінен сұрақтар қойылса, «Елін сүйген Елбасы» деп аталатын қорытынды кезеңінде Елбасының өмір жолы, жолдаулары менбағдарламалық мақалалары жайында сөз болды.

Сайысқа белсене қатысқан қатысушылар өз білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсете алды.

Аудармашы Ажаргүл КУНАРОВА