Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби бағдар беру жұмыстары қаладағы 37 және 19 орта мектептерінде жалғасты

Кәсіби бағдар беру жұмыстары қаладағы 37 және 19 орта мектептерінде жалғасты

№37 мектептегі түсіндіру жұмысы барысында Жұбанов университетінің  кәсіби бағдар беру орталығының басшысы  Жәмила Идиева университет пен мамандықтар туралы  бейнекөрсетілім көрсету арқылы жалпы ақпарат берді. Қызығушылықпен тыңдап, қойылған  сұрақтарға  белсенді жауап беріп отырған оқушыға университет футболкасын сыйға тартты.

Оқушылардың  мамандық  таңдауға  байланысты ойын айқындау  мақсатындағы  «Мектепке  дейінгі және  арнаулы  білім» кафедрасының  аға оқытушысы Набат Исембаева  тренинг  өткізіп,  диагностика  жасады. Мектеп  оқушыларының  басым  көпшілігі таңдау  пәні  бойынша физика  және математика пәндерін таңдаған.

№19 мектепте өткізілген кəсіби бағдар беру жұмысында Жұбанов университетінің оқытушылары университет  мамандықтарының қазіргі таңда еңбек нарығында  сұранысы бар екендігін түсіндірді.

Сондай-ақ, жиында тарих  факультетінің оқытушысы А.Айдарова оқушыларға еліміздің қажетті  маманы болу жолдарын жеткізді. №37, №19 мектепте өткен  кәсіби бағдар жұмысы өз  деңгейінде өтті.

Набат Исембаева