Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Туризм саласын цифрландыру мəселелері талқыланды

Туризм саласын цифрландыру мəселелері талқыланды

Жұбанов университетінің «География жəне туризм» кафедрасының «Турист жəне өлкетанушы» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Туризм саласын цифрландыру мəселелері» тақырыбына тренинг өтті. Үйірме жетекшісі Гүлжанат Сүлейменова қатысушыларға қазіргі таңдағы туризм саласының дүние жүзінде жəне Қазақстанда даму жағдайын түсіндіріп, оның цифрландыру дəрежесін тренинг жүргізу арқылы бағалады.

Қатысушылар Қазақстандағы цифрланған «Vizit Akmola», «Vizit Almaty» сайттарымен жұмыс жасау ерекшеліктерін айқындап, «Vizit Aktobe» сайтын цифрландыру ға атсалысу мəселесін ортаға салды. ҚР Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай өз елімізді, тарихи — мəдени ескерткіштерді өзге елге белгілі қылуды əрі қарай жетілдірудегі жаңа технологияның дамуының мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу, Ақтөбе облысының ішкі туризмін дамытуда цифрландыру əдісін қолдана отыра əрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыру айтылды. «Туризм» мамандығының 2 және 4 курс студенттері Диана Спанова жəне Қуаныш Утемуратов тренинг өткізуде зор үлестерін қосты.

Асқар САРБАЕВ