Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым өз тәжірибесімен бөлісті

Шетелдік ғалым өз тәжірибесімен бөлісті

2018 жылдың 28 қараша күні Жұбанов университетіне Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемелекеттік техникалық университетінен  т.ғ.д., профессор Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Рахмангулов Александр Нельевич келіп,  техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамына «Кəсіби-техникалық білім беру жүйесін тұрақты даму концепциясы негізінде ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында білім беру процесін заман талабына сай, білім беру сапасын жетілдіру, оқу процесінде интернет және компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану сұрақтары бойынша  жəне жас ғалымларға ғылыми мақала, жарияланымдар басып шығару кезіндегі болуы мүмкін мəселелер жəне оларды шешу жолдары жайлы өз тəжірибесімен бөлісті.

Альбина ЕРСАЙЫНОВА