Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқытушылар студенттерге Елбасы мақаласын түсіндірді

Оқытушылар студенттерге Елбасы мақаласын түсіндірді

Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын студенттерге тереңірек түсіндіру және талдау мақсатында танымдық шара өткізілді.
Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы — ұмыт болған дәстүр-салтымызды өз тұғырына қондырып, әлем тариxының ішінде өзіне лайық орнын анықтап беретін құжат. Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар өз жемісін беріп келеді. Осы игі іс-шаралардың жалғасы ретінде елге ұсынылған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы да халықтың үлкен қолдауына ие болуда. Президент жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе төмендегідей жеті қырды атап көрсеткен: атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстандағы алма мен қызғалдақ.
Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі З.Б.Сұлтамұратова, биология кафедрасының меңгерушісі Г.Б.Адманова, экология кафедрасының меңгерушісі Г.Е.Нұрмұханова биология кафедрасының аға оқытушысы М.С.Агадиева, ХҚБ 302 тобының кураторы Б.С.Имангалиева бұл мақала «Рухани жаңғыру болашақққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін, осындай игі бастамаға атсалысу әрқайсымызға қастерлі міндет екенін айтып, студенттерге және факультет ұжымына «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының маңыздылығын айтып өтті. Шара барысында 5В011200-«Химия» мамандығының 3-курс студенттері баяндама оқып, өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, шарада мақалаға қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың ой-пікірлері бейнероликтер арқылы көрсетілді.
Мақаланың мақсаты — өткен тарихымызды жаңғыртып, жаһандық өркениетте қазақ ұлтының орнын көрсету. Тарихы оқиғалар мен ұлы тұлғаларды заманауи ағынмен үйлестіре отырып, келешек ұрпақтың санасына сіңдіру және жастар бойынан патриоттық сезімді ояту. Өркениетті еліміздің әлемдік мәдениетке, тарихи жаңалықтарға қосқан үлестерін жеткізу болып келеді. Ұлт ретінде сақталу жолында бұл мақала құнды құжат әрі ұлтты сақтаудың механизмі болмақ. Олай болса, қазақ халқы үшін ертеңгі күнін айтпас бұрын, өткен тарихына тоқталып, ең керек рухани байлықтарын танып, оларды бойына сіңіру қажет.

Базархан ИМАНҒАЛИЕВА,

жаратылыстану факультеті