Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Заман талабына сай дуальды оқыту жүйесі өндірісте жүзеге асуда

Заман талабына сай дуальды оқыту жүйесі өндірісте жүзеге асуда

Теорияны өндіріспен байланыстыру мақсатында биология кафедрасының филиалы «Қалалық жас натуралистер стансасында» мекеменің маман практигі А.С.Ахметова жəне биология кафедрасының аға оқытушысы А.М.Абдукаримовпен бірге салыстырмалы зоологиядан зертханалық сабақ, биология мамандығының 2-курс студенттері үшін өндірісте ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты- болашақ биолог мамандарды табиғи нысандарға салыстырмалы сараптама жасауға үйрету және кәсіби шеберлігін қалыптастыру. Зертханалық сабақ кезінде әртүрлі омыртқалы жануарлардың тіршілік ортасында бейімделу нәтижесінде, құрылымында болатын өзгерістерді нақты жануар мысалында қарастырды. Балықтардың өкілі ретінде әртүрлі аквариум балықтары (барбус, скалярия, цихлидтер және т.б.), жорғалаушылардан — батпақ тасбақасы, құстардан-дала қыраны, тотықұс пен көгершін, сүтқоректілерден қоян мен аламан мысалында салыстырмалы сипаттама берілді. Зертханалық сабақ биолог мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдаумен бірге, табиғатқа сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғау бағытында іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Салтанат ТАЖЕКЕНОВА,

жаратылыстану факультеті