Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ақ бидай – 2017» спорт сайысындағы жеңісіміз

«Ақ бидай – 2017» спорт сайысындағы жеңісіміз

Елбасы ұлттың денсаулығын нығайтудың, бәсекеге қабілетті болудың бір жолы- спорт екенін үнемі айтып келеді. Біздің оқу ордамызда да спорттың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын факультетіміздің спортшылары спорттық ойындардан жүлдемен оралып жүр. 2017 жылдың 16-17 тамызында Алға ауданында өткен «Ақ бидай- 2017» ауыл спорты ойындарына қатысқан факультетіміздің аға оқытушысы Ш.Е.Тулеуов Президенттік көп сайыстан 40 жастан  жоғары тобында 1- орын иеленді. Сол ойынға облысымыздағы барлық аудандардан 1000-ға жуық спортшы қатысып, спорттың 17 түрінен сынға түскен еді. Шыңғыстың жеңісті жолы 19-тамызда Ақтөбе қаласында өткізілген спорт күні мерекесіне арналған қала чемпионатында жалғасты. Ш.Е.Тулеуов командалық триатлоннан қала чемпионатында 30 жастан жоғары тобында 1-орын алды.  Шын жүректен құттықтаймыз!