Вторник, Январь 28, 2020
Басты > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің «Студенттер үйі»

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің «Студенттер үйі»

Университетіміздің жатақханасы жаңа оқу жылына студенттерді қабылдауға дайын.

Білім алуға және бос уақытты тиімді пайдалануға студенттер үйінде интернет кабинеті, оқу залы, демалыс бөлмесі бар.

Студенттер үйіне жаңарту, жөндеу жұмыстары өз кезегінде жүргізілген. Жатақханаға орналасу үшін құжаттарды 25-тамыздан бастап қабылдайды.

Студенттер үйіне қабылдауға қажетті құжаттар:

  • Университет ректорының атына өтініш;
  • Жеке куәлігіңіздің көшірмесі (3 дана);
  • Медициналық тексеруден өту;
  • Мекенжайы туралы анықтама;
  • Жеке 3х4 суреті (3 дана);
  • Әлеуметтік деңгейін растайтын анықтама.