Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Факультетаралық КВН ойындары өтті

Факультетаралық КВН ойындары өтті

Бүгін Студенттер сарайында Жұбанов университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен  «Университет лигасы» факультетаралық КВН ойындары өтті.

Аталмыш шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейте түсуге үлес қосу, талантты жастарды анықтау, Республикалық және Халықаралық деңгейде өткізілетін ойындарға құрама жасақтау.  

Университет КВН лигасының деңгейі жылдан жылға өсіп,  жастардың қызығушылығы артуда.   Жалпы университет бойынша Университет КВН лигасына 10 команда тіркелген болатын: Олар: «Бес саусақ», «Универсал», «Жаңа нұсқа», «ФМ құрамасы», «ИТФ құрамасы», «Дефицит», «Әйгілі төрттік», «Фридом», «Есте сақта», «Эконом класс» командалары.

Бүгін ойыншыларға қазылар алқасына енген «Аралас» КВН командасының ойыншысы, Республикалық КВН ойындарының чемпионы Ғалым Махамбетов, «Экспресс» КВН командасының ойыншысы, Республикалық КВН ойындарының чемпионы, журналист  Нұрсұлтан Назарғалиев, 2017 жылғы университет КВН лигасының чемпионы, Фромтех КВН комадасының капитаны Ерлан Тұңғатар, университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қарылғаш Сатыбалдина және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің маманы Айнұр Оспанова  баға берді.

«Университет лигасы» факультетаралық КВН ойындарының нәтижесінде  жеңімпаздар жартылай финалға жолдама алып, оларға  ақшалай сыйлықтар табыс етілді.