Воскресенье, Апрель 5, 2020
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

2018 жылдың 12 желтоқсанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу үшін Сыртқы сарапшылар комиссиясысының келуі күтілуде. Аккредиттеу рәсімі 2018 жылдың 12-14 желтоқсан аралығында өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

* 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

* 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

* 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

* 5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

* 5В020500-Филология (қазақ, орыс)

* 6М020500-Филология

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.

Мамандандырылған аккредиттеуді 2011 жылы құрылған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу агенттіктер тізіліміне, сонымен қатар 2017 жылдың маусым айында агенттіктердің Білім беру сапасының кепілдігі жөніндегі Европалық тізіліміне (EQAR) енгізілген Аккердиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізеді.

Мойындалған агенттік мәртебесін алу АРТА қызметінің жоғары халықаралық стандарттар мен беделді мекеменің сенім куәлігіне сай екеніндігін дәлелдейді.

Агенттік халықаралық және ұлттық деңгейде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мен академиялық саралау өткізу арқылы білім беру ұйымдарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие мекеме болып табылады.

АРТА мемлекеттік емес мекемесі өз қызметінде пайда табу мақсатын көздемейді.

Агенттік қызметінің негізгі мақсаттары институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мен саралау рәсімдерін ұйымдастыру, аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдерін әзірлеу, жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының рейтингін өткізу болып табылады.