Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > ЖИТС-тің алдын алу шарасы жаратылыстану факультетінде өтті

ЖИТС-тің алдын алу шарасы жаратылыстану факультетінде өтті

Жұбанов университетінің Жаратылыстану факультетінде ЖИТС-АИВ-ге қарсы күрес күнінің 30 жылдығына орай «Биология» кафедрасының оқытушылары магистр Ж.Ж.Кукенов пен к.б.н. аға оқытушы А.К.Калиеваның ұйымдастыруымен «ЖИТС-АИВ жəне одан сақтану жолдары» тақырыбында  1-курс студенттеріне арналған санитарлық-ағартушылық іс-шарасы өтті.

Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы Матаева Меруерт Канатқызы және жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесуде СПИД ауруының қатерлі дерт екенін және осы аурудан жастарды сақтандыру медицина қызметкерлерімен оқытушылар алдындағы негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтілді.

Кездесу барысында мамандар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы студенттерге СПИД ауруының таралу жолдары, белгілері, алдын-алу туралы жан-жақты түсіндіріп өтіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жалғас КУКЕНОВ

Жаратылыстану факультеті