Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Зерек» балаларды дамыту орталығы ашылды

«Зерек» балаларды дамыту орталығы ашылды

Жұбанов университеті жанынан «Зерек» дамыту орталығы ашылды. Мұнда 5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін сауықтыру шаралары, қабілеттерін арттыру және өнер-білімге баулу жұмыстары жүргізіледі. Қызмет көрсететін білікті мамандардан өзге, студенттердің де тәжірибеден өтуіне мүмкіндік мол. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Зерек» балаларды дамыту орталығы Ақтөбедегі ең ірі университетке қарама-қарсы бетте орналасқан. Бұл кішкентай балғындарға арналған жоғарғы оқу орны базасында ашылған алғашқы нысан.

Орталықта балаларға физикалық тұрғыдан дамыту, әлеуметтік — психологиялық жағдай жасау, сөйлеу тілі мен тірек-қимыл аппараты бұзылыстарын түзету қызметтері көрсетілетін болады. Сондай-ақ, мектепке даярлық, компьютерлік сауаттылығын, зияткерлік қабілетін арттыру мен бейнелеу өнеріне баулу және ағылшын тілі курстары жүргізіледі. Ол үшін мұнда барлық мүмкіндік бар. Арнайы кабинеттер және білікті мамандар еңбек етеді.

Орталық тәулігіне 10 балаға дейін қабылдай алады. Қазірдің өзінде, ата-аналар тарапынан тілектер түсуде дейді университет мамандар.

Мұнда студенттердің тәжірибеден өтуіне де мол мүмкіндік бар. Шәкірттер оқытушылардың жетекшілігімен балалармен жұмыс істеп, болашақ кәсіптерінің қыр-сырын меңгере алады.

Әнуарбек Мырзатайұлы