Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде профессор-оқытушылардың электрондық базасы ашылды

Жұбанов университетінде профессор-оқытушылардың электрондық базасы ашылды

Елбасының жыл сайынға дәстүрлі Жолдауы әрдайым оң өзгерістерге бастайтын жаңа жолдарды ұсынады. Жолдау аясындағы сондай ауқымды, жұртшылықты елең еткізген мәселелердің бірі «Педагог мәртебесі» Заңының жоба ретінде қарастырылуы. Өңірге  педагог кадрларын дайындауға ат салысып жүрген Жұбанов университеті  бұл мәселеден тысқары қала алмайды.

Тарихқа көз жүгіртсек қоғамда «педагог» ұғымының пайда болғанына өте көп уақыт өтті.  Бұл ұғым ғылыми айналымға енгенге дейін әр елде түрлі тәржімаланып келген еді. Сонау антикалық кезеңнен өз баласын сеніп тапсыруға лайықты адам ұстаз, мұғалім, педагог атанғаны белгілі. Осы атаулардың ортағы — педагог міндеті бүгінде біраз өзгеріске ұшырағанмен, оның тәрбие арқылы білім беру мақсаты бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Қоғам мен мемлекеттің дамуы барысында біресе биіктеп, біресе құлдилаған педагог мәртебесін тұрақтандыру мәселесінің көтерілуі еліміздің іргесі нығайып,  мемлекетіміздің кемелденгенінің айғағы.

Ғылыми инновациялар және бағдарламалар департаментінің бастауымен іске қосылған  ПОҚ қызметінің электрондық базасында 660-қа жуық оқытушы тіркелген.  

Электронды базадағы профессор-оқытушы құрамының білім мен тәрбие беру және ғылыми қызметіндегі оң өзгерістер көрсеткіштерін  университеттің әр оқытушысы жеке кабинетіне кіріп, өз қолымен толтырып, толықтырып отыра алады. Бұл игілікті іс сондай-ақ ПОҚ қызметін бақылаудың рейтингтік жұмысын жеңілдетпек және ел дамуының басты кепілі цифрландыру бағытындағы нәтижелі жұмыс ретінде бағаланады.

                                                                                                    Гүлнара ҚАРАША