Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастар үйінің бой көтергеніне бір жыл толды

Жастар үйінің бой көтергеніне бір жыл толды

Тәуелсіз Мемлекетіміздің басшысы “Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы” атты Халыққа үндеуінде: «Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет», – деп атап көрсеткен еді.

Осы бағдарлама аясында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы 9 қабатты Жастар үйінің  ашылуына тікелей мұрындық болды. Осыдан бір жыл бұрын  Жастар үйінің ашылу салтанатына облыс басшысы Бердібек Сапарбаев және еңбек қайраткерлері, облыс зиялылары, университеттің профессор-оқытушылары  қатысқан еді.

Осыған орай Жастар үйінің директоры Қонақбаева Бейбітшілік Көбекқызының бастауымен 13 желтоқсан күні  Жастар үйінің ашылғанын тойлап, «Өз үйім-өлең төсегім» атты мерекелік шарасын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты — жастарға барлық жағдайды жасай отыра, оларды өнерге, білімге баулу. Аталмыш шарада Жастар үйінің студенттері өнерлерін көрсетіп, жиналғандарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Жастар үйі