Среда, Февраль 19, 2020
Басты > Жаңалықтар > Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумы Ченду қаласында өтті

Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумы Ченду қаласында өтті

Желтоқсан айының 4-5 аралығында ҚХР Сычуань провинциясының Чэнду қаласында Конфуций институттарының XIII бүкіләлемдік форумы өтті. Аталмыш форумға 154-тен астам мемлекеттің Конфуций институттары мен кластарының өкілдері, университет ректорлары барлығы 1500-ға жуық адам қатысты.

Форумға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы мен Қытай тарапынан директоры Ли Цзяньхун қатысты.

Форум «Жаңа инновациялар мен реформаларды жаңғырту, болашаққа жаңа көзқарас» тақырыбын қамтыды. Шара аясында Конфуций институттарын дамыту, жаңа инновациялар мен реформаларды жаңғырту тақырыптары бойынша институционалдық талқылаулар жүргізілді. Конфуций институтының даму бағыттары мәселелері жайында қытай және шетел университеттері ректорлары мен Конфуций институты директорлары қатысуымен өткізілген конференциялар ұйымдастырылды.

ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері Сун Чунлан форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жаңадан ашылғалы жатқан 9 мемлекетке Конфуций институтының құрылу лицензиясын табыстады. ҚХР Білім және министрі, Конфуций институттарының Бас Штаб пәтері Ханбань Кеңесі төрағасының орынбасары, Чэн Баошын форумның модератор қызметін атқарды.

Сун Чунлан ханым өз сөзінде: Қытай Халық Республикасы шетел мемлекеттерімен мәдениетаралық алмасу байланысында тығыз қарым-қатынаста. Бұл салада Конфуций институтының алатын орны ерекше. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Конфуций институты – қытай тілі мен өзге шетел тілдері байланысының сонымен қатар мемлекетаралық мәдениет алмасу қатынасының достық көпірі. Конфуций институты тек қытай мемлекетіне ғана емес, барлық әлемге тиесілі. Қос мемлекеттердің өзара бірлескен күш жігерінің арқасында Конфуций институтының білім беру сапасы мен мәдениет алмасуы тұрақты түрде дамып келеді. Әрбір мемлекет өкілдері шетел тілдерін меңгере отырып өз елдерінің экономикасы мен сауда, өндіріс саласының дамуына оң үлесін қосуда деп атап айтып өткен болатын.

Форумның соңында Конфуций инстиуты оқулықтары мен оқыту үлгісінің жаңа технологиялар көрмесін аралау, Сычуань провинциясының мәдени мұражайымен танысу секілді шаралар ұйымдастырылды.

Форумның екінші күні ректорлар мен директорлардың қатысуымен панельдік сессияларға жалғасты.

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Конфуций институты