Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақпараттық топ Қобда ауданын аралады

Ақпараттық топ Қобда ауданын аралады

Өткен аптада облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның ұйымдастыруымен ақпараттық топ Қобда ауданына барып,  тұрғындарға Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндірді.

Елбасы Жолдауы мен бағдарламалық мақаласын түсіндіру үшін құрылған арнайы топтың құрамында денсаулық сақтау саласының ардагері Роман Рахиев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин мен қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Сақыпжамал Тәшімбаева, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС қызметкері Ербол Шыма болды.

Ақпараттық топ мүшелері Қобда ауданының Әлия, Талдысай, Терісаққан, Жарсай, Жарық, Ақырап, Қызылжар ауылдарын аралап, тұрғындарға Мемлекет басшысының Жолдауы мен бағдарламалық мақаласында айтылған мақсат-міндеттер, басым бағыттар туралы айтып, өз ой-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ топ мүшелері аталған маңызды екі құжатқа байланысты ауыл тұрғындарының қойған сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ ақпараттық топ халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы да ақпарат берді. Ауыл тұрғындары осы мәселеге байланысты өз ойларын айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Д.ҚАЗИХАН

Ақтөбе газеті