Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қысқы шаңғы жарысының жеңімпаздары

Қысқы шаңғы жарысының жеңімпаздары

2018 жылдың 22 желтоқсан күні Ақтөбе облысының әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қысқы шаңғы маусымының ашылуына орай өткізілген облыстық жарыста Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Кәсіби-шығармашылық факультетінің төмендегі студенттері мен оқытушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Колледж және ЖОО студенттері арасындағы жарысында:

Қыз балалар: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Нұржауған Сәттіғалиева (І орын),

Ер балалар: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Есімжан Аюпов (ІІІ орын).

Жалпы  жарыста:

Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Габдуллин Айбек (І орын)

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы