Пятница, Май 29, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Жетістіктер баяндалып, алғыс хаттар табысталды

Жетістіктер баяндалып, алғыс хаттар табысталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңес залында ректор, профессор Бауыржан Ердембеков 2018 жылғы университетте атқарылған жұмыстар мен міндеттерді қорытындылауға орай бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесу өткізді.DSC_7051Кездесуге «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің,  «Актюбинский вестник» облыстық газетінің, «Керек.info» қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің бас редакторлары, облыстық «Aq`tobe», «Рика ТВ» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторлары, тілшілері, видеоператорлар, республикалық газеттер мен телеарналардың Ақтөбедегі меншікті тілшілері  қатысты.

Журналистермен өткен басқосуды университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы алғысөзімен ашты.

  • Қадірлі қонақтар! Алдымен Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі басқосу біздің БАҚ өкілдерімен жақсы байланыстарымыздың бір алтын көпірі болсын деп жинап отырмыз.  Басқосуымыздың себебі  — өздеріңізбен еркін, мамыражай әңгіме-дүкен құру. Университетімізде өтіп жатқан шаралар, білім саласында болып жатқан жаңалықтар,  жетістіктер халық құлағына тиіп, оқырмандарымызға жетіп жатуында Сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз зор. Қош келдіңіздер!», деді.

Басқосу барысында  жоғары оқу орнының басшысы биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді атап өтті. Кездесуде ректор журналистерге 2017-2018 оқу жылының қорытындылары жайлы әңгімелеп, университет өмірінің жаңа тынысымен таныстырды. Ол білім  алушылар санының өсуі, аккредитация, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, өндіріспен байланыс, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, қоспдипломдық білім бағдарламалары, халықаралық байланыс, оқытушылар құрамы, ғылыми жұмыстар, инновациялық технологиялар паркі, әлеуметтік кәсіпкерлік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы, цифрлық университет (студенттерге көрсетілетін қызметтер),  ситуациялық орталық, университет ғимараттары, 2017-2018 оқу жылында ашылған және жаңартылған нысандар, ашылған және жаңартылған кабинеттер мен орталықтар, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты, Халықаралық, республикалық сайыстар мен турнирлер жеңімпаздары, «Startup Bolashak – менің арманым» жобасының нәтижелері туралы баяндап, университеттің алдағы стратегиялық даму бағыттарына тоқталды.  Сөз соңында білім саласында да атқарған қызметі үшін ардагер-журналист Идош Асқар Мұсақұлұлын «Жұбанов университетінің құрметті профессоры» медалімен марапаттады.

DSC_7023

Жиында ардагер-журналист Идош Асқар БАҚтың қоғамдағы орны, білім саласына қосатын үлесі жайында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мәдениеттің қара шаңырағы екендігіне тоқтала отырып, осындай тағылымды шараның өтуіне мұрындық болған университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлына жылы лебіздерін білдірді.

Содан соң «24 KZ» республикалық телеарнасының Ақтөбедегі меншікті тілшісі Ақсәуле Байменшина сөз алып, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мәдениеттің қара шаңырағы екендігін назарға алып, университеттің «Баспасөз қызметі» бөлімінің жұмысына алғысын жеткізді.

Ректормен кездесуге  шақырылған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері  университет абыройын көтеруде үлес қосып жүргендері үшін атаулы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жиында  қонақтарға арналған мерекелік  фуршет ұйымдастырылып, танымдық, тағылымды басқосудан жиналғандар ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Сандуғаш  БАЙҒҰЛҚЫЗЫ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік мемлекеттік университеті