Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филолог-ғалымды мерейтойымен құттықтады

Филолог-ғалымды мерейтойымен құттықтады

Бүгін Жұбанов университеті филология факультетінде факультет Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген кеңес жұмысы ф.ғ.к., доцент Ф.Е.Терекованың 70 жасқа толған мерейтойына арналды.

Шараны  университеттің ғылым және инновация жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров салтанатты түрде ашып,  Фариза Ембергенқызына ҚР БжҒМ министрі Е.Сағадиевтің атынан «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстады.

Мерейтой иесін құттықтау үшін университеттің бас ғылыми хатшысы Мира Балтымова, Ақтөбе облысы бойынша тілдерді дамыту орталығының директоры, С.Бәйішев атындағы АУ, Ақтөбе қаласы колледжлерінің өкілдері, ғалымның әріптестері мен үзеңгілес достары, Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы келді.

Фариза Ембергенқызына Бонч Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Светлана Тенеряднова мен  «Ресей жоғары оқу орындарының түлектері» қоғамдық ұйымының президенті Джемма Аманжоловалар өздерінің бейне құттықтауларын жіберді.

Кеңейтілген кеңес Ф.Терекованың педагогикалық қызметіне арналған «Филология: кеше, бүгін, ертең» ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысымен жалғасты.

Ажаргүл КУНАРОВА