Понедельник, Ноябрь 18, 2019
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық семинарда филология саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Халықаралық семинарда филология саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

«LINGUISTICS-UP және цифрлық технологиялар» жобасы аясында, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Фариза Терекованың мерейтойына арналған «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен «Филология: кеше, бүгін, ертең …» атты дәстүрлі халықаралық семинары өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының ғалымдары мен оқытушылары қатысты. Қатысушылар лингводидактика, мәдениетаралық қарым-қатынас, әдебиеттану, лингвистика және жоғары білім беру және жалпы білім беру мекемелерінде тілдер мен әдебиеттерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылады.Сондай-ақ, ғалымдар филологияның ғылыми және әдістемелік мәселелеріне назарларын аударды.

Аталған жоба аясында Амантай Өтегенов атындағы кабинеттің ашылуы, әдеби шаралар легі «Литературная гостиная «Храню в душе я рыцарство степное…» әдеби шарасы, М.Ақдәулетұлының интерактивті дәрісімен және ф.ғ.к., доцент Ф.Терекованың мерейтойына арналған факультет Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Ажаргүл КУНАРОВА