Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Діни білім және ұлттық бірегейлік

Діни білім және ұлттық бірегейлік

Амангелді Айталы,
философия ғылымының докторы, профессор, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Діни  оқу орындары мен дүниеуи оқу орындарының тәрбие саласында ортақ мәселелері көп болғанмен әлі күнге дейін пікір алмасып тәжірибелермен бөлісуге мән берілмейді. Биыл Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінде алғаш рет бірлескен «Қоғамның санасын жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелрі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына «Нұр-Мүбәрәк» университеті, еліміздегі медреселер мен колледж ұстаздары және республиканың белгілі дінтанушы ғалымдары қатысып баяндамалар жасады. Оқырман назарына профессор А.Айталының баяндамасының мақала нұсқасын ұсынып отырмыз.

Соңғы онжылдықтарда «ислам әлемі» деген ұғым пайда болды, ол әлемнің ­­1 ми­ллиард 500 млн. астам халқын құрайды, енді, он бес жылда 2 млрд-қа жетіп қалады. Үйымына ғ. Ислам ынтымақтастық үйымның 57 ислам мемлекеті кіреді, біз де бұл ұйымның мүшесіміз, 2001 жылы төрағасы болдық.
Ислам елдері әлемдегі ресутардың энергетикалық 65-70%, газдың 50 % байлығына ие. Бірақ ислам елдері негізінен кедейлер, 57 мемлекеттің 10-ны ғана озық елдер қатарына жатады.
Дағдарыстан шығар жолды мұсылман елдерінің білімі мен технологиясынан іздейді. Бірақ, мұсылман елдері бұрынғы отарланған елдер болғандықтан ұлттық тегін, дінін сақтауға зор мән берген.
Бірінші бағытты технократтар деуге саяды
Отарлаушы ел өздерінің идеологиясын, ішкі және сыртқы саясатын басқа елдерден, әсіресе, отарланған мемлекеттер жастарының санасына жағамды құндылық ретінде сіңіреді. Бүгінгі жас мамандар ертең ел басқарғанда америкалық, еуропалық, ресейлік дүниетанымға бейімді болсын деп тәрбиелейді. Сондықтан, кейбір мемлекет басшылары жастарды шет елдерде оқытпай, шет ел ғалымдарын өз елдеріне шақырып, қаржы аямай, мамандарды елде дайындайды. Дегенмен, бүгін бұрынғы отарлаушы елдерде отарланған елдерден 600 мыңнан астам студенттер оқиды. Мәселе бұл жерде рухани тәрбиеге, ұлттық бірегейлік қалыптастыруға мәселесіне тіреледі.
Діни білім және ұлттық бірегейлік туралы ислам әлемінде үш бағыт қалыптасқан.
Олардың айтуынша білімді дінның ықпалынан айыру нақты қажеттілікке айналды, білім жүйесі замаңға сай жаңаруы, жақсаруы, жаңа технологияға батыстағыдай біржола ауысуы, Еуропадағы, Жаңа Өрлеу дәуіріндегі заманындай модернизациялық төңкеріс жасап, жаратылыстану, техника ғылымдарына артықшылық берілуі тиіс. Бүгінгі күннің келбетін айтықтайтын теология емес, жаңа технология, бүгінгі күннің тұлғасы имам, ишандар емес, инженерлер, менеджер, айтишниктер цифрлы технология мамандары делінді. Цифрлы біржақты технологияға мән беріп имандылық тәрбиесін тек мешіт, медресеселердің тәрбиесі деп есептейді. Бұл бізді де ойландыратын мәселе.
Екінші бағытты – дәстүршілдер (традиционалистер) ислам өркениеитінің ұлылығына, мұсылман сенім қағидалары қай заманда да құнды дейді. Олардың ойынша, ислам ілімі бүгінгі әлемнің күрделі мәселелерін шешуге жол ашады, себебі ислам әмбебап ілім. Сондықтан, мәселе исламда емес, мәселе ислам ілімінен, әсіресе, исламның ғылым- білім саласындағы біркезде әлемге зор ықпал еткен дәстүрінен ауытқуда дейді дәстүршілдер. Шындығында да, ислам талай ғылымның көзін ашқан. Олардың айтуынша, білімнің әр саласы, соның ішінде жаратылыстану ғылымын да ислам сенімі тұрғысынан (акида) бағалау, тиянақтау ой-елігінен өткізу және бүгінгі замаңға икемдеу қажет. Соның бір көрінісі әлем үлгі тұтқап, оңтүстік Испания жеріндегі X-XI ғасырлар тоғысындағы Кордова халифатының жанжақты гүлденуі.
Кордованың жоғары мектептері мұсылман ілімімен қатар, философия, математика, астрономия, медицинадан мамандар дайындаған. Батыс Еуропа мен Орта Азиядан келіп білім алушылар аз болмаған. Ол оқу орнының кітапханасында 400 мыңға жуық қолжазба түріндегі еңбектер жиналған. Арабтық Испанияда латын тіліне тек араб тілінде сақталған көне грек философтарының еңбектері аударылып, батысеуропалық ғалымдар олармен танысуға алғаш рет мүмкіндік алған. Осыдан келіп ислам дін, тұтас өркениет ретінде түйыққа тіріледі деген ой тумайды.
Мұсылман елдерінің лидерлері бүгін саяси экономикалық, білім саласындағы дағдырыстың себептеріне үңілуде. Мәселе ислам елдернің батыс өркениетімен кездескен тұста мұсылмандардың оларға еліктеуінен басталды, біртіндеп өз елдеріндегі табиғи байлықтан иеліктен айырылды, діни және мәдени салаларда олар құлдырай бастады. Бұлда бізді ойландырса керек.
Үшінші бағыт – ислам модернистері. Олар секуляристердің моделін- ұсыныстарын қатал сынға алып, ислам ілімі мен бүгінгі жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдар арасында ешқандай қайшылық жоқтығына назар аударады. Сондықтан, білім саласында ислам мәдени құндылықтары мен жаратылыстану білімдерінің арасында салиқалы арақатынасты ақылға салып таразылап үйлесімді табуға болады. Оқу бағдармаларын жаңарту барысында имандылық талаптарын еске алу жөн.
Бүгін модернистік модельді қолдаушылар басым.
Модернистердің айтуынша, шынайы білім, таным рухсыз мүмкін емес, ұлттық рухты біреудің аруағына сыйынып жаңғыртуға болмайды. Ол үшін, біріншіден, ислам негіздері мен ақыл, парасат үйлесімін табу. Екіншіден, ғылыми таным мен ислам дүниетанымын үйлестру. Үшіншіден, ғылыми орталықтар мен университеттерді жан-жақты, әсіресе, қаржылай қолдау қажет. Модернистер «Ислам теократиялық гуманизмін» қолдайды. Ол тек еркіндік пен адамдардың өз өзінде билігі болғанда ғана мүмкін болады. Сонда ғана адамдар ізденеді, ақиқатқа ұмтылып, білімдерін жетілдіреді. Құран сөзі да осыны уағыздайды.
Малайзияның Халықаралық Ислам университет ислам модернистерінің іске асырған сәтті жобасы. Осы университет назар аударарлық тәжірибе жинақталуда. Біріншіден, бұл оқу орнында ислам білімінің жаңа концепциясына негізделеген дәстүрі өмірге енгізілуі. Екіншіден, бұл мұсылман оқу орны әлемдік деңгейдегі университет, замануи сұранысқа ие ақпараттық технология, менеджмент, маркетинг, банк ісі, саясаттану, әлеуметтану мамандарын дайындайды. Ол университетте кітапхана жоқ, осыдан 30 жыл бұрын ғылыми – ақпараттық орталық құралған. Ол да бізге сабақ аларлық үлгі. Үшіншіден, Малайзия көп ұлтты, көпдінді мемлекет: малайлық және пакистандық мұсылмандармен қатар буддизм, индуизм, христиандықты уағыздайтын қытайлық мен үндістер қатар өмір сүреді. Төртіншіден, Малай университеті тәуелсіз оқу орны, сондықтан, ол барынша бәсекеге қабілетті болуы керек.
Университеттің ішкі өмірі ислам талаптарына сәйкес қатал тәртіпке негізделген: қыздар мен жігіттер бөлек жатаққанада тұрады, бөлек тамақтанады, бөлек аудиторияларда оқиды. Айта кететін бір жайт, сол университеттің студенттерінің 60% қыздар құрайды. Бұл мусылман университетері үшін ерекше жағдай. Малайзия мұсылман университетін бітіргендеріне сұраныс басқа оқу орындарынан гөрі жоғары, олардың ибалылығы, мәдениеттілігі, икемділігі қызықтырады. Әртұрлі этнос пен дін өкілдерінің арасында еңбек нарығында бөлініс қалыптасқан: байырғы халық малайлар қазақтар сияқты мемлекеттік қызметке бейімді, қытайлықтар коммерцияға жақын, ал индустар халыққа қызмет ету саласын да еңбек етеді. Университет бітірушілерді жұмысқа қабылдағанда бұл қиындықтар тұғызып жатады.
Әр ұлттың, діннің өкілдері спорттық жарыстарда қыз-жігітіне қарамастан университет намысын қорғауға жұмылдырған. Сондай-ақ, КВН сияқты Азияда халықаралық конкурстардағы қыз бен жігіттер бір команда болып, бірге қатынасады. Осылай ұлтаралық, дінаралық, жынысаралық кедегілер еңсеріледі. Тайквондодан университеттің басқа күндері орамал тартып орамал тартатын мүсылман қыздары Азия елдеріндегі ең мықты команда.
Мамандығына қарамастан барлық факультеттердің стундерттері міндетті гуманитарлық ислам пәндерін оқиды: ислам ілімінің негіздері (Акида), ислам философиясы, шариат, ислам юриспруденциясы. Біздің университеттерде де заң факультеттерінде мұсылман хұқы пәні бар. Бұл пәндер оқу бағдарламасының 20% аспайды. Сонымен, Малайзияда жаңа үлгідегі ислам университетінің моделі өмірге елді: Бір жағынан, оның тірегі ислам құндылықтары, иман негіздері, екінші жағынан, ол модель басшылыққа индустриалдық және постиндустриалдық қоғамның даму үрдісін, технологиялық жетістіктерін басшылыққа алады. Бұл батыс үлгідегі либеральдық-демократиялық университеттерге оқу орны. Осындай реформа Ресейдің жоғары білім саласында бірқатар Мәскеу, Қазан, Уфа университеттерінде енгізулуде: білім жүйесін халық-аралық талаптарға сәйкестендірумен қатар тәрбие ісінде жоғары адамгершілік, ар – ұжданның тазалығына ұлттық-мәдени құндылықтары көбінесе басымдық береді.
Бірте-бірте модернистік ағым Ресей мұсылмандары арасына да келді. XIX –XX ғасырдың басында қырым, Еділ бойы, Кавказ, Түркістан, Қазақстанда жаңа мектептер ашылды. 1884 ж. Гаспралы Исмаилби діни оқуды халыққа терең білім беру ісімен ұластыра отырып жаңа оқу жүйесін жасады. Бұл реформа бойынша, мұсылман мектептерінде оқушылар ұлттық тәлім тәрбиеге негізделген дін пәндерімен қатар, математика, география, қазақ тарихы, жаратылыстану пәндері енгізілді. Ол ағымды жәдитшілдік (арабша – жаңа әдіс, деген атпен тарихта қалды). Сонымен қатар, ана тілінде сауатты жазуға көп мән берілді. Жадишілдік ұлттық салт-дәстүрді қолдап, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Жәдит мектептері Орынбор, Қазан, Уфа қалаларында, Орталық Азия елдерінде, Қазақстанда ашыла бастады. (Мамания мектебі, мысалы.)
Жәдишілдерге мұсылмандық қадими (ескіше) мектеп өкілдері, кейбір дін иелері қарсы болды. Патша үкіметі оларға өзінің Қазастан мен Орта Азиядағы отаршылық саясатына қарсылық білдіреді деп қорықты.
1911 жылғы мектеп-медреселер туралы есебі бойынша, Қазақстанда 84 медресе болған, онда 28814 шәкірт тәрбиеленіп, олардың 1446–сы бастауыш сауат ашу мектептерінің түлегі болды. Оларды 130 ұстаз қызмет атқарған. XIX- ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазақстанда орыс-қазақ мектептері, училищелері дүниеге келді. (Ислам энциклопедиялық анықтамалық. Алматы 2010 (168-169 беттер). 1917 жылы октябрь революциясына кейін мұсылман мектептері жабыла бастады. Жәдитшілдердің бірқатары 20- шы жылдары сауатсыздықпен күресуге белсенді араласты мысалы, (Ахмет Байтырсынов), сонымен бірге, сауатсыздық пен күрес дінге қарсы сипат алды. Өкініштісі, дін мен білім байланыс дәстүрі үзілді. Бүгін сол алтын жіпті жалғастыра алсақ дейміз. Мәңгілік рухани дінді құрметтеген ел ғана мәңгі ел бола алады.
Ислам білім жүйесін қолданушыларының тұжырымдамасы бізге немен қымбат? Жаһандану заманында дәни білім мен ұлттық бірегейлікпен өзіндік мәдени байлықты сақтаудың тірегі болып отыр. Рухани жаңғыру бүгін қазақ жәдитшілдерінің «Бір аллаға сыйнап, кел, балалар, оқылық» деп дінге негізделген тәлім тәрбие берген Ы.Алтынсарин, А.Байтурсұнов, М.Дулатовтың мұрасына назар аудартуды талап етіп отыр.
Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңару» мақаласын қатып қалған догмаға айналдырып барамыз. Мақалада Президент былай деді: «Бұл ретте тұтпас қоғамның және әрбір қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім», – дейді. Біз қоғамдық сананы жаңартуды сол мақалада айтылған бәрнеше бағыттары мен ғана шектеп тастадық.
Рухани жаңару мәселелерінде, әсіресе, тәрбие саласын діни және зайырлы деп шектеудің өзі зиянды. Күнделікті тұрмыста ортақ құндылықтар бір-бірімен өзара байланыста, шекара жоқ:
өмірлік құндылықтар: отбасы, ата-ана, ұрпақ, денсаулық;
дүниетанымдық құндылықтар өмірдің мәні, маңызы, ар, ұят, намыс, діни сенім, құдайдан қорқу;
демократиялық құндылықтар: адам хұқығы, дінге зорлықтың жоқтығы, ар-ождан бостандығы;
қоғамдық құндылықтар: патриотизм, азаматтық парыз, адам, Алла алдындағы әлеуметтік әділдік, ұлттық дәстүрдің діни дәстүрмен байланыстығы;
тұлғалық қасиеттер: достық, адалдық, кеңпейілдік, кешірімділік, қарапайымдылық, жанашырлық;
прагматикалық құндылықтар: кәсібилік, жеке табысқа ұмтылыс, байлық пен мансапқа тырысу, ізгі ниет пен, тазалық, эстетикалық құндылықтар әдебиет, өнер, мәдениет, сәулет өнері, музей.
Сондықтан «ислам педагогикасы», «православ педагогикасы» «халық педагогикасы» деген атаулар шартты ұғымдар. Рухани өмірде шекара жоқ, ақыл, парасат, иман құндылықтары жалпы адамзаттық қасиеттер. Бірақ, әртүрлі этникалық, конфессиялық ортада ол құндылықтар сол ортаның киімін киеді, сол ортаға бейімделеді. Меніңше, мектепттер, колледждер мен университетте «Дінтану» пәні қазақ топтарында «Исламтану» пәні болып оқытылса. Бұл әлемдік тәжірибе, әр мемлекет жастардың байына өз ұлтының байырғы дінінің рухани байлылығын дарытуға мән береді.
«Исламтану» пәнінен шошымайық. Студенттер суниттер мен шииттер, мазхабтар, ислам және ұлттық дәстүр, ислам және отбасы, ислам және халықаралық саясат, Абай және Шәкәрім ілімдері, басқа да мәселелер туралы білгілері келеді. Жалпы «Дінтану» бұл жастарды қызықтыратын мәселелерге толығырақ назар аударатын мүмкіндік жоқ. «Исламтану» пәнін енгізу осындай қажеттілікпен туып отыр. Шындығын айтқанда мектеп, жоғары оқу орындары жастардың дін мәселесінде сұраныстарын қанағаттандыр алмай отыр, сондықтан да жастар басқаның жетегіне кетіп те жатыр. Әсіресе, дін және жастар мәселесі өткір. Дінге ертерек бет бұрған сайын жастар имандылққа ерте икемделеді. Мен орыс тілінде әрі ана, әрі педагогтан мынадай пікір алдым: «В тот момент, когда ребенок станет расти, когда контроль уменьшится, ничего не удержит его там, от того, чтобы попробовать наркотики… Его не убережешь. Он уже ни маму, ни папу не слышит, он слышит ту среду, в которой он обитает. А вот когда ты даешь ему самоконтроль в виде религии. которая как раз так и ему объясняет там какие –то вещи; как себя вести… Когда даешь этот ключик, вот этот самоконтроль здесь уже ребенок сам себя контролирует. Он понимает, что ему нельзя там выпить спиртного не потому, что папа его заставляет не пить, … а нельзя выпить потому, что Бог все видит, и, соответственно, этого делать нельзя, это грех». Ұят деген осылай тәрбиеленеді.
Білім туралы Шығыс ойшылы сопы Румидың сөзі бар. Надандықтан түгел арылған, жан-жақты бәрін білетін, ақыл айтқыш адам қауіпті, ол бұзылған адам. Надандық қажет, оның пайдасы да бар, себебі үнемі ізденіске итермелейді, ал ізденіс өмірсүрудің амалы. Ізденіс қоғамды, табиғатты тану, жаратушыны тануға, құдіретін түсінуге жол. Ұлы ғалымдардың көбі дін мен білімді қарсы қоймаған.