Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Хабарландырулар > Профессор Абат Пангереевтің мерейтойына арналған конференция өтеді

Профессор Абат Пангереевтің мерейтойына арналған конференция өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Шамұлы Пангереевтің 60 жасқа толуына арналған «Әдеби-рухани мұра: мәдениетаралық коммуникация контексінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Пленарлық мәжіліс 2019 жылдың 25 қаңтарда сағат 10.00-де Бас оқу ғимаратында, Қ.Жұбанов атындағы конференц-залда өткізіледі.

Мерейтой иесіне арналған құттықтау-тілектерді мына мекен-жайға жолдауға болады: 030000, Ақтөбе қ., Гришин көшесі, 7А, Нұрпейіс Байғанин атындағы оқу ғимараты, 315-кабинет, «Қазақ әдебиеті» кафедрасы.

Тел.: 87024826370, 87753381194.

Эл. почта: Alitok@mail.ru

Ақпараттық хат А.Ш.Пангереев