Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > AlmaU қысқы мектебінің күнделігі: бірінші күн

AlmaU қысқы мектебінің күнделігі: бірінші күн

Қазіргі заманғы университет қандай болуы керек? Бүгінгі таңда нені өзгерту қажет? Бұл өзгерістерді қалай басқаруға болады? Осы сұрақтарға бүгін AlmaU-да басталған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған   жыл сайын өткізілетінХХІІІ қысқы мектептің қатысушылары жауап беруге тырысты.

Қарастырылған  тақырып: «Заманауи университет:жаңа тыңдаушыларға жол бастайды». Биылғы жылы қысқы мектепке  122 қатысушы келді. Оның ішінде  AlmaU-дан  40 , ХБА колледжінен 38,  Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 20, Жұбанов атындағы АӨМУ –дан 19 оқытушы, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Ш.Есенов атындағы КМТИУ  және Сәтпаев Университетінің оқытушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар үшін  дәстүрлі түрде кампус бойынша тур ұйымдастырылып, инновациялық мұражай, AlmaU Knowledge Building жаңа ғимараты және  студенттерге арналған зертханалар мен креативті аймақтар көрсетілді.

Қысқы мектептің бірінші күні жобаның ресми ашылуымен басталды.

Қонақтар мен қатысушыларға арнап алғашқы сөзді  AlmaU-дың бірінші проректоры, Білім беру институтының директоры Алмагүл  Қанағатова айтты.

«Дәстүрлі мектептер мен университеттер болашақта  ескіретін болады. Университет оқытушылары курстар мен дәрістер оқитын, содан кейін олар бойынша тест жұмысын өткізетін жүйе келешекте мағынасыз болады-деп санайды Алмагүл Қанағатова.

Бұл айтылған сөздер мектеп қатысушылары арасында қызу пікірталас тудырып, талқыланды. Сонымен қатар, А. Қанағатова қатысушыларды оқыту бағдарламасымен таныстырды. Қатысушылар үшін  3 күн бойы  бірнеше спикер  тренингтер өткізді, бұл оқыту процесін- курсты тиімді және қызықты етті.

«Team Teaching – бүгінгі күн талабы,  бүкіл аудиториямен байланыс жасау  үшін бір ғана адам  сабақ беруге болмайды. Сені түсінетін, сені қолдайтын адамдармен бірге үйрену -өте керемет, сол кезде ғана бұл -табысты жоба болады»- деп өз ойымен бөлісті Алмагүл Қанағатова.

Сабақ барысы AlmaU ректоры Гульмира Курганбаеваның жігерлендіретін сөздерімен басталды. Ол  3 сағат көлемінде  білім беру саласындағы инновациялық процестерді басқару туралы айтты. Біз білім беруде не себепті генетикалық және психологиялық тестілеуді пайдаланбаймыз? Роботтардан адамдардың  артықшылығы, бәсекеге қабілеттілігі қандай? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға қатысушылар мен спикер бірге жауап берді — кездесудің басым бөлігі интерактивті форматта өтті.

Робот-қызметкер  тақырыбы  пікірталас тудырды. Жасанды интеллект адамдарды әртүрлі қызмет түрлерінде, соның ішінде оқыту  барысында  алмастыра  ала ма? Роботтандырудың  болашағы қандай? Бұл мәселеде ең маңыздысы не? Әлеуметтік жауапкершілік  пе немесе экономикалық пайда ма? Бұл сұрақтар қатысушылардың арасында қызу түрде талқыланды.

Түскі үзілістен кейін қатысушыларға 5 тақырып бойынша тренингтер өткізілді. «Оқу  бағдарламаларының педагогикалық дизайнын қайта жүктеу. Білім беру саласының инновациялық технологиялары мен әдістері» тақырыбындағы бірінші тренингті Менеджмент жоғары мектебінің деканы Асел Арын University of Pennsylvania түлегі, білім магистрі  Олжас Сакеновпен бірге жүргізді.

Бұл топ заман талабына сай университеттің  білім беру бағдарламаларын қарастырды. Сондай-ақ, қатысушылар 2020 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтар мен болашақтың 10 дағдысы туралы  білді.

Келесі күні қатысушыларға AlmaU білім беру саласының өнімдері жайлы презентация өткізіліп, онда адамның дауысымен жұмыс жүргізілген еді.

«Заманауи университет:жаңа тыңдаушыларға жол бастайды» атты Қысқы мектепте  5 күн бойы әртүрлі жұмыстар өткізілді. Онда жаңа инновациялық өнімдерді әзірлеуде оқытушыларды трансформациялау және жоғары оқу орындары қызметкерлерінің басқару құзыреттілігін қайта жүктеу үшін  қарқынды түрде іс — шаралар ұйымдастырылған. Қысқы мектепте қатысушылармен күнделікті тренингтер, шебер-сабақтар, қонақ дәрістер және менторлармен жұмыстар жүргізілді.

https://www.almau.edu.kz/kz/news/almau_kysky_mektebinin_kundeligi_birinshi_kun-12308