Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хабарландыру!

Хабарландыру!

Халықаралық ынтымақтастық орталығы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылына арналған Түркия Республикасы «Мәулана» алмасу бағдарламасының конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурс 2018 жылдың ақпан-мамыр айларында өткізіледі. Бірінші кезең — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде конкурстық комиссиясы. Екінші, үшінші және қорытынды кезеңдер — серіктес ЖОО-лардың конкурстық комиссиясы.

«Мәулана» алмасу бағдарламасының гранттары білім алушыларға бір семестр тегін білім алуға, ай сайын «Мәулана» стипендиясын алуға мүмкіндік береді. Транспорттық, визалық және жатын орын шығындары үміткердің өз есебінен төленеді.

Конкурсқа қатысушы үміткерлер құжаттары 2018 жылдың 25 қаңтарына кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

1. Серіктес жоғарғы оқу орындары ұсынған гранттар туралы мәлімет (№ 1 қосымша);

2. Қатысу талаптары мен тапсыратын құжаттар (№ 2, 3, 4 қосымшалар);

3. Факультеттер бойынша жинақ мәлімет (№ 5 қосымша).

Барлық қажетті сұрақтар бойынша халықаралық бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

Халықаралық ынтымақтастық орталығының

халықаралық бағдарламалар бөлімі

Қосымша ақпарат сілтемеде: 2019 мевлана