Бұл бағдарлама Италияда магистратура немесе докторантура оқуға көмектеседі. Итальяндық «Invest Your Talent» бағдарламасына Италияның Сыртқы істер министрлігі, Итальяндық сауда және Uni-Italia сауда компаниясы қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында жоғары білім алған студенттер инженерлік, сәулет, дизайн, жоғары технологиялар, экономика және басқару салаларында маман бола алады.
Бұл бағдарламаға ағылшын тіліндегі 150 курсқа(Экономика/Менеджмент бойынша 62, инженерлік/ICT салалары бойынша 106, сәулет және дизайн бойынша 15) мүмкіндік беретін Итальяның 23 университеті қатысады.
Бағдарламаға қойылатын талаптар:
- Бакалавр дәрежесі болуы;
- Ағылшын тілінен кем дегенде B2 деңгейі болуы;
- Өтінім беру кезінде 26 жастан аспау;
- Тізімде көрсетілген 15 елдің бірінің азаматы болуы.
Бағдарламаға қатыса алатын мемлекеттер:
Әзербайжан
Бразилия
Колумбия
Египет
Эфиопия
Гана
Индия
Индонезия
Иран
Қазақстан
Мексика
Қытай Халық Республикасы
Тунис
Түркия
Вьетнам
http://investyourtalentapplication.esteri.it сайтына тіркеліп, 2019 жылдың
31 қаңтарына дейін қатысуға өтінім бере аласыздар!
Толық ақпаратты сілтеме немесе 87756010505 телефоны арқылы біле аласыздар.