Пятница, Январь 18, 2019
Басты > Хабарландырулар > Докторанттарға арналған Францияның AMI стипендиялары

Докторанттарға арналған Францияның AMI стипендиялары

2019 жылы Орталық Азия зерттеулерінің Француз институты (IFEAC) Орталық Азиядан келген докторанттарға келесі шарттарға жауап беретін халықаралық стипендия ұсынады:

  • француз университетіне қабылданып және 2019 жылы Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан) аймағында ғылыми-зерттеу жоспарлау;

Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін.

Шәкіртақылардың ұзақтығы — 2 айдан 6 айға дейін. Шәкіртақы ұшу, виза және тұруға кететін шығындарын қамтиды.

Стипендия барлық гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар мен археология саласындағы зерттеулерге ашық.

2019 жылға арналған IFEAC зерттеулер үшін бірнеше стипендия бөлінеді:

  1. Орталық Азиядағы ислам және радикализация;
  2. Орталық Азиядағы қала тарихы және әлеуметтік салдар;
  3. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық дамуы (өңірлік даму саясатының экономикалық аспектілері);
  4. Қоғамдық қозғалыстардың тарихы: тәуелсіздік жылдарынан бастап теңсіздіктер мен әлеуметтік капитал (ауызша тарих және қоғамдық пікірді зерттеу);
  5. Орталық Азиядағы бейресми экономика;
  6. «Бір белдеу, бір жол»Қытай Жібек жолының жобасы.
  7. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (әлеуметтік-экономикалық және тарихи шолу);

Кандидаттардың ғылыми сапасын, диссертацияны жүзеге асыру үшін зерттеудің маңыздылығын және оның техникалық-экономикалық негіздемесін ескере отырып, кандидаттарды IFEAC Ғылыми комитеті 2019 жылы 8 ақпанда бағалайды.

Үміткерлер 2019 жылдың ақпан айында нәтижелер туралы хабар алады және өз зерттеулерін 2019 жылдың 31 қазанына дейін бастауға тиіс.

Өтініш формасын француз тілінде сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.

Құрметті талапкер, сізден Университеттің ресми сайтында ақпаратты мұқият оқып шығуынызды сұраймыз.

Қосымша ақпаратты халықаралық ынтымақтастық орталығынан немесе 87756010505 телефоны арқылы біле ала аласыздар.