Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғалымның мерейтойы конференцияға арқау болды

Ғалымның мерейтойы конференцияға арқау болды

Бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде белгілі ғалым-педагог Зәуреш Имжарованың 60 жас мерейтойына орай «Педагогикалық  инновациялар заманауи білім беру жүйесін дамыту ресурсы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 100-ге жуық ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай еңбет етіп келе жатқан ұстазды құттықтауға Ресейдің және еліміздің белді ғалымдары, шәкірттері мен мемлекеттік орган қызметшілері келді.

Зәуреш Убайдоллақызы 100-ге тарта ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. 2 монография, 13 ғылыми оқулық жазған. Оқу-тәрбие  процесінде инноватор ұстаз ретінде дара.  Заманауи бағалау жүйесін, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін шешуде ерінбей тер төгіп келеді.  Жаңартылған білім бағдарламаларының озық жаттықтырушы-тренері ретінде танымал.

Ғалымның көпжылғы еңбектері ғылыми концеренцияға арқау болды. Халықаралық шарада Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қорлан Жампеисова, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы  Алексей Боровских, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің доценті Ольга Брыксина сынды педагог-ғалымдардың  баяндамалары тыңдалды.

АЛЕКСЕЙ БОРОВСКИХ, Ф.Ғ.Д., ПРОФЕССОР (РЕСЕЙ)

— Қазақ білім беру саласындағы көрнекті ғалым ретінде құрметтеймін. Жаңашылдыққа жаны құмар. Білім берудің инновациялық озық тәсілдерін енгізу прцесіне белсене қатысады. Бүгінгі конференцияда «педагогтің негізгі қызметі» тақырыбында баяндама оқыдым.  Аз да болса, қазақстандық әріптестеріме пайдам тиді деп үміттенімін

Осылайша, конференцияда  мерейтой иесінің еңбек жолынан бастап, бүгінгі білім берудің озық тәжірибелері жан-жақты қаузалды.  Шара  6 бағыт бойынша секциялық жұмыстармен жалғасты. Облыс әкімінің арнайы құттықтауын алған Зәуреш Имжароваға , «Маман мақтанышы» медалі табысталды.

Гүлдана Абайқызы