Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектеп түлектері университетпен танысты

Мектеп түлектері университетпен танысты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімдерінің ұйымдастыруымен мамандықтар көрмесі өтті. Шараға қала мектептерінің  250-ден астам 11-сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында болашақ түлектер үшін  университеттің мамандықтары туралы ақпарат беретін стендтік көрме жасақталып, оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды.

Сонымен қатар оқушыларға  физика-математика факультетінің аға оқытушысы, доцент Асқарбек Иманчиевтің басшылығымен «Математикалық сауаттылық және математика» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.

Әрі қарай қонақтар университет мұражайының, ғылыми кітапханасының, «Зерек» балаларды дамыту орталығының және интерактивті кәсіби бағдар беру алаңының  жұмысымен танысып, ҰБТ-ң жаңа талаптары туралы ақпарат алды.