Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының нәтижесі

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының нәтижесі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмыстары жоспарына сәйкес  әдістемелік xабарламалар жасалды.

Кафедра меңгерушісі, фил.ғ.к., доцент Айгүл Айтбенбетова тарапынан экономика мамандығына арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен (авторлық бірлестікте: Г.Есенова, Ш.Г. Әбдірова) әзірленген элекронды оқу құралы презентацияланды.

«Жаңартылған білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлау» тақырыбында фил.ғ.к., доцент Айгүл Иманғазина тарапынан тренинг жұмысы жүргізілді.

Гүлшат ЕСЕНОВА,

филология факультеті