Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Үздік оқушылар үздік университетте қонақта

Үздік оқушылар үздік университетте қонақта

Бүгін Ақтөбе қаласының 150 дарынды оқушылары «Әкімге 100 сұрақ» шарасы аясында Батыс Қазақстан өңірінің ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Жұбанов университетінде бас қосты. Аталмыш шара ҚР Жастар жылына орай арнайы ұйымдастырылған болатын.

Кездесу барысында оқу орнының фойесінде болашақ мектеп бітіруші түлектерге арналған университет мамандықтарының көрмесі өтті. Көрмеде университеттің кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімдерінің мамандары оқушыларды қызықтырған мамандықтар бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов және Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембековпен кездесіп, қос басшымен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Жиналған жастарды университеттің тыныс-тіршілігінен хабардар еткен университет ректоры Бауыржан Ердембеков олардың жоғарғы оқу орнындағы оқу процессі туралы сұрақтарына толыққанды жауап берді.

«Біздің университетімізде дарынды балаларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Сіздердің оқу үлгерімдеріңіз бен университеттің қоғамдық өміріне қосқан үлестеріңіз міндетті түрде ескеріледі. Алға қойған мақсаттарыңа жетуде біріншіден өз-өздеріңмен жұмыс жасап дағдыланыңыздар», — деді, ректор.

Кездесу соңында мектеп оқушылары үшін университетішілік экскурсия ұйымдастырылды.