Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Облыс мектептерімен байланыс орнату жұмысы бастау алды

Облыс мектептерімен байланыс орнату жұмысы бастау алды

2017 жылдың тамыз айының 27-сі күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков университеттің кәсіби бағдар жұмыстары бағдарламасы аясында облыс мектептерімен байланыс орнату жұмысын Ойыл ауданы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Әнуар Дербисалин атындағы Саралжын орта мектебінен бастады.

Аталған мектептің директоры бастаған қызметкерлерімен кездесу барысында Бауыржан Аманкелдіұлы университет пен мектеп арасындағы байланыс барлық білім беру бағыттары бойынша тығыз болу керек екенін атап өтті. Осы байланысты орнату мақсатында университет ректоры Бауыржан Ердембеков пен аталған мектептің директоры Кенжебай Қазбағанбетов ынтымақтастық құжатына қол қойды.